Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

           «Қараағаш   негізгі мектебі» коммуналдық  мемлекеттік                               

        мекемесінде өткізілген  қамқоршылық кеңес отырысының
                                             №1 ХАТТАМАСЫ
Қараағаш   ауылы  «10»   қыркүйек  2020 ж.
Қатысқандар: 10
Мектеп әкімшілігі, ата-аналар

                                                  КҮН  ТӘРТІБІ :
1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру 
2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелері  жұмысының    есебі
3. Әр түрлі мәселелер

1.Тыңдалды: Мектеп директорының  м.а   Гайсина   Г.А. сөйледі:
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры ның   м.а  Гайсина   Г.А.  жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27  шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 29 тамызда №15584  болып тіркеген хатын,«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9 тармағын, Талғар ауданының « Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы №5-Н бұйырығын басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың  туралы» ережесімен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар арасынан сайлау, сайланған ата-аналар мектепке демеушілерді тартуы немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін де атап өтті. 
Келесі кезекте мектептің әлеуметтік педагогы   сөз алып, қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. 
А) Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
Ә) Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту. 
Б) Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
В) Мектеп ұжымы жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
Г) Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.
Ғ) Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
Д) Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
2. Тыңдалды: ата-аналар сөз сөйледі
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған Қамқоршылық кеңес төрайымы сайланды.Қамқоршылық   кеңесінің   құрамына  кімдер  енгендігі  туралы, олардың функционалдық  міндеттері  туралы  айтылды.

                                                   Шешім: 
1. «Қамқоршылық»   кеңесінің   шешімі   Білім саласындағы   жергілікті  атқарушы   органы   негізінде   интернет    ресурстарына   орналастырылсын.
2. Жағдайы төмен, аз қамтылған   балаларға бірінші кезекте көмек беру ұйғарылды.


Мектеп   директорының  м.а.:                 Гайсина Г.А.

 

 Хатшы:                      Сыздыков  Ж.А.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь