КЕҢЕС №1
Ата-аналардың эмоционалды жағдайына балалар әсерленгіш және бейімделгіш болып келеді. Егер ересек адамдар үрей мен тынымсыздық ұялатса кез келген жастағы бала, мұндай құрылымдалмаған жағдайды өз бойына сіңіреді және эмоционалды тұрақсыздыққа ұшырайды.
КЕҢЕС №2
Стресске шалдыққанда, баладан өш алмаңыз. Айналадағыларыңыз сияқты Сіз де қатты күйзелуіңіз мүмкін. Стресс әрбірімізді ашуланғыш, қозғыш ете алады, кез келген кезде “жарылуға” әкеп соғуы мүмкін
КЕҢЕС №3
Баланың ұйықтап демалуы үшін жеткілікті уақытты бөлу ата-аналардың міндеті. Бұл әсіресе төтенше жағдайлар кезінде өте маңызды, балаларда қорқыныш тудыру мен ұйқының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
КЕҢЕС№4
Балаңызға толыққанды дұрыс тамақтануды ұйымдастырыңыз. Дұрыс тамақтану – стресспен күресуде маңызды бөлігі болып табылады. Тағам рационы теңгерімді болу қажет. Жеміс-жидектер мен жаңғақтардың баланың ағзасына пайдасы зор.
КЕҢЕС№5
Ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп отыру қажет. Әсіресе Стресстік жағдайда бала қолдау мен мадақтауды қажет етеді, анасы мен әкесінің құшағына батқысы келеді.
КЕҢЕС№6
Ата-аналар балалар сөйлеу керек болған кезде мұқият тыңдауға дайын болуы қажет. Егер балаларға оларды мазалайтын мәселелер себебін талқылауға көмек қажет болса, оларға ашық сұрақтар қою маңызды (яғни «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болмайтын және егжей-тегжейлі жауаптарды қамтитын сұрақтар).
КЕҢЕС№7
Балаларға демалу дағдыларын үйретуге көмектесіңіз. Релаксация дағдыларын қолдану - балаларға стресстен туындаған күйзелістен арылуға көмектесетін әдіс. Балаларды оқытуға болатын әр түрлі арнайы релаксация әдістері бар.
КЕҢЕС №8
Балаларыңызға күнделікті күн тәртібін немесе кестесін ұйымдастырыңыз. Олар алдын ала бәрін білу керек. Уақытымен белгіленген тамақтану, үй жұмысыг орындау, ұйықтау режимдері болса, оларға жұмыс жасау анағұрлым оңай болады.
КЕҢЕС №9
Балаңыздың өзіне ұнайтын, қанағаттандыратын нәрсемен шұғылданғаның қадағалаңыз. Балалар жоғары тітіркенушілікті сезіргенде ата-аналар оларға ұнайтын әрекетпен шұғылдануына итермелеу қажет (мысалы, спорпен шұғылдану, музыка тыңдау, ойындар ойнау, сурет салу, кітап оқу, үй жануарларымен ойнау т.б.)
КЕҢЕС №10
Балаңыздың үнемі физикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.
Тұрақты физикалық жаттығу - бұл стрессті жеңудің тамаша тәсілі.
КЕҢЕС №11
Өзіңізді қоғамнан оқшаулауға болмайды.
Мәжбүр оқшауланғанның өзінде достарыңызбен телефон немесе видео арқылы сөйлесуіңіз қажет. Балаларыңызды достарымен және сыныптастарымен байланыста ұстаңыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения