Ол қандай вирус?
Барлық континентте, әсіресе Қытайда тарап жатқан вирусты
уханьдық немесе жаңа коронавирус (2019-nCoV) деп атайды. Ол алғаш Хубей провинциясындағы Ухань қаласында тіркелді және коронавирустың жаңа түрі екені анықталды. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, АҚШ-тағы алғашқы 5 жағдай Уханьнан келген туристерде тіркелген.
Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған.
Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін.
Белгілері:
Қалтырау
Жөтел
Ентікпе
Соңғы мәлімет бойынша, инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге дейін созылуы мүмкін.
Қалай сақтану керек? Қазіргі уақытта 2019-nCoV инфекциясының алдын алатын екпе жоқ. Сол себепті сіз саяхатта болсаңыз немесе вирустан қауіптенсеңіз, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – оның әсер етуін болдырмау. Басқа қауіпсіздік шаралары өзге де респираторлық аурулардыкімен бірдей. Қолыңызды сабынмен немесе сумен кем дегенде 20 секундтан жиі жуып тұрыңыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения