Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"

03.02.2020 - 12.02.2020 ақпан аралығында  өзін-өзі тану онкүндігі өтті.  «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»атты тақырыптағы  онкүндік жоспарлы түрде өте тартымды, қызықты өтті. Оқушылар жақсы белсенділік танытып,өздерін жан-жақты қырынан көрсете біліді. Мысалы: «Алтын жүректі анамыз», « Жылы жүрек-жақсы тілек» атты  шығaрмашылық (суреттер, ашық хаттар) сайысы өткізілді. Ең белсенді оқушылар (Оразбай Аружан,Мусина Амина,Шәріп Дияр,Аманжол Меруерт )  марапатталды. «Мейірім төгетін ана» өлеңді мәнерлеп оқу сайысынан Қайырбек Қайырлы, Оразбай Венера, Жұмабек Махаббат,Тинеева Жасмин сияқты оқушылар марапатталды. «Не сыйласам екен саған, Анашым!» тақырыбында  қолөнер жұмысы (жоба  авторына сыйлық) бойынша  оқушылар өздерінің қолдарымен жасаған жұмыстарының шеберлігін көрсетті. «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында бастауыш сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. «Сүйіспеншілік –өмір негізі» тақырыбында жоғары сынып оқушылары эссе жазды. «Ана,Достық,Бейбітшілік,Мейірімділік» тақырыбында оқушылыр сөзжұмбақ,ребустар құрастырды."Күлкіден күн мейірімді болады" тақырыбында 5- сыныппен ашық сабақ  өткізілді.Онкүндіктің соңында іс-шаралардың қорытындысы  «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы өткізілді. Оған бүкіл мектеп ұжымы ат салысып, үлестерін қосты, жалпы мектепішілік  қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды. Оған жалпы мектеп оқушылары,мұғалімдер белсенділік таныттып, ауылда тұратын мүмкіндігі шектеулі оқушыға қамқорлық жасалды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь