Кітап жинап түптеймін – жыртылмасын,
Мүқабасын бүктеймін –қырқылмасын.
Таза болсын беттері- кірлемесін,
Көрген кісі кітабы кір демесін –деп Мұзафар Әлімбаев ақын айтқандай кітапты таза ұстап, жыртпай басқаларға үлгі-өнеге бола білу керек.
Осындай жақсы нақыл сөздерді оқып ақ түсінуге болады.
Кітап- жан азығы, жақсы дос, заманалар сынынан өткен асыл қазына.
Кітап ғылым-білімнің алтын сандығы, адамзаттың ақыл-ойының жиынтығы.
Кітап дегеніміз-біздің досымыз, ақылшымыз. Кітапты оқи отырып, адамның ішкі жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын құрал ол - кітап.
Посмотреть новость на сайте учреждения