7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған. Жер бетіндегі барша ұлт пен ұлысқа ортақ бұл күн өз елімізде тәуелсіздік алған жылдан бері аталып келеді. Аталған күнді көктемнің дәл осы күні атап өту бекерден-бекер емес, себебі сәуір көктемнің ортасы болса, бұл табиғаттың жаңғыру кезеңі. Яғни, өткен-кеткен қателіктерді қайталамай, барлығын жаңадан бастағың келеді.
Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара.
Посмотреть новость на сайте учреждения