«Дұрыс тамақтану» аясында мектеп оқушыларымен сынып сағаттары ұйымдастырылып, мектеп жасында дұрыс, сапалы тамақтану , оқушылардың денсаулығын нығайту маңыздылығын арттыру жайлы дәріс өткізілді.
Мектеп бойынша 53 бала тегін тамақпен қамтылған. Жеке кәсіпкер Заргарян К. өз тарапынан екі балаға спонсорлық көмек бере отыра тегін тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Жазғы сауықтандыру лагері "Родникке" 39 бала: 1 сынаптан 9 сынып аралығында демалуға жолдама алып отыр. Оңтүстік мөлтек аудан бойынша 0 - 18 аралығында 356 оқушы бар. Жалпыға бірдей білім беру заңының орындалуына байланысты сабақты себепсіз босатқан балалар болған жоқ. Қамқорлық акциясы кезінде "жалпыға бірдей білім беру" қорынан аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларының бастауыш сынып оқушыларына оқуға қажетті құралдар сатып алынды.









Посмотреть новость на сайте учреждения