Әділет Министрілігі Елорданы қайта атау рәсімін түсініктеме берді
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Елорда атауының өзгеруінің Конституцияға және ҚР заңдарына толығымен сәйкестігін түсіндірді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды. Қазақстанның елордасы - Астана қаласы. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында белгіленген. Конституцияға өзгертулерді Парламент Конституцияның 53-бабы негізінде енгізе алады. Яғни Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады. Алайда, Конституцияда сайланған Президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату нәтижесінде Президенттің өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның Конституцияға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауға құқығы жоқ екендігі анықталады (48-бап). Сонымен қатар, Конституцияға түзетулер республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін (91-бап). Референдум өткізу туралы бастама құқығы Парламент немесе Үкіметке берілген. Референдум өткізу туралы немесе одан бас тарту туралы шешімді Президент қабылдайды. Бұл ретте, егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Бұл жағдайда Парламенттің шешімі жоғарыда аталған 53-бапта көзделген тәртіппен қабылданады.
Барлық құқығы қорғалған.
Рavlodarnews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде Рavlodarnews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
Рavlodarnews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www. www.pavlodarnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.pavlodarnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии