Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

Асқар Мамин елорданың шеткі аймақтарында тұратын азаматтардың мәселелерін шешу барысымен танысты .

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Астана қаласына жақын маңда орналасқан елді мекендерді аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда елорданың шеткері аймақтарында тұратын халықтың мәселелерін шешу барысымен танысып, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту үдерісін тексерді. Бірқатар тұрғын алабын аралау барысында жергілікті атқарушы органдардың Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау - азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары қаралды. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім беру және медициналық қызметтердің сапасына, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жақсартуға, үздіксіз электрмен жабдықтау және көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ сумен жабдықтау мәселелеріне көңіл бөлінді. "Пригородный" тұрғын үй кешенін тексеру барысында Астана әкімі Бахыт Сұлтанов Елорданы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қаланың жекелеген аудандарын орталықпен біріктіретін, сондай-ақ жолаушыларға барар жерлеріне қысқа уақыт ішінде жетуге мүмкіндік беретін жеңіл рельсті көлік жолын салу мәселелері қаралды. Аталған аумақтарды құлату барысы туралы баяндай отырып, бұл шаралар муниципалдық тұрғын үй құрылысына, соның ішінде көп балалы және аса мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталатын аумақтарды кеңейтуге жол ашатыны аталып өтті. Тексеру жұмыстары Қабанбай батыр орталық қала магистралінде жалғасты, онда даңғылды кеңейту перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, Асқар Мамин Астана қаласы мен Ақмола облысының шекарасында тұратын азаматтардың баспана жағдайларының дамуымен танысты. "Ильинка" тұрғын алабында дәрігер амбулаториясы мен №6 мектеп тексерілді, премьер-министр осылардың мысалында елорда маңындағы аудандардың білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің сапасымен танысты. Өз кезегінде, Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин "Қараөткел" ауылын Астана қаласының теңгеріміне беру үдерісі туралы, Қоянды кентін дамыту және Целиноград ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарын іске асыру жөнінде баяндады. Мұнда халықты су деңгейінің көтерілуінен қорғау мақсатында бөгет салу және "Ильинка" кентінен шығыс жаққа қарай орналасқан жеке тұрғын үйге инженерлік желілер жүргізу мәселелері қаралды. Іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі - қала төңірегіндегі жол айналмасын тұйықтайтын "Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы" магистральді трассасын салу. Бұл қала арқылы транзитпен өтетін, елорданы айналма жолмен өтетін автокөлік құралдарының ағынын бағыттауға мүмкіндік береді. "ҚазАвтожол" АҚ ақпаратына сәйкес, айналып өтетін жол тегін автомагистраль болмақ.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь