Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

"ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕКТЕП ПАРТАСЫНАН"баяндама оқылды.

"ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕКТЕП ПАРТАСЫНАН"баяндама  оқылды.

Әрбір адам өмірінің белгілі бір кезеңінде мектеп маңызды рөл атқарады. Оқушылар үшін бұл тек білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас көзі. Мұғалімдер үшін бұл жұмыс, сондықтан бұл жер ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс.
Мектеп жасында, белгілі болғандай, өмірлік маңызды танымның көпшілігі, соның ішінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым дағдылары да, белсенділік көбірек байқалатын ойын іс-әрекетінің негізінде беріледі. Әрине, оқушылардың мектепте болатын кезіндегі іс-әрекетінің негізгі түрі – бұл оқу. Алайда, айтылып отырған жағдайдағы сөз оқу пәндерінің мазмұны туралы ғана емес, сонымен қатар мектепте өрт қауіпсіздігі дағдыларына үйрету қажеттілігі туралы болып отыр.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту жалпы білім беру процесімен тығыз байланыста, сабақта да, сабақтан тыс және мектептен тыс іс-шараларда да өткізіледі. Өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бойынша берік дағдылар ұзақ және жүйелі түсіндіру жұмысы арқылы қалыптасады. Сабақ өткізген кезде мектепте немесе аудан, қалада аумағында болған (өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзуға тән жасырын темекі шегу, өрт қауіпті кезеңінде тыйым салынған жерлерде от жағу, өрттер және т.б.) оқиғаларды ескерген жөн.
Өрт тақырыбындағы сабақтар оқушылардың қоғамдық меншік қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін тудыруы, отты, электр аспаптарын, тұрмыстық химия және т.б. құралдарды пайдалану кезінде оларға мұқият болуын үйретуі тиіс. Өртке қарсы түсіндіру жұмысы оқушылармен сабақтарды, ата-аналарымен әңгімелесуді, тақырыптық кештер мен викториналар ұйымдастыруды, өртке қарсы тақырыпқа плакаттар мен ұрандар дайындауды, қабырға газетінің нөмірлерін шығаруды, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен және ардагерлерімен кездесуді, өртке қарсы тақырып бойынша шығармалар мен сурет конкурсына қатысуды және өрт-техникалық орталықтарына баруды, мектептегі өртке қарсы үгіт-насихатты, өртке қарсы тақырыпқа плакаттар мен әдебиеттер көрмесін ұйымдастыруды, өрт бөліміне экскурсия жүргізуді және өрт сөндіру техникасы және өрт жарағымен танысуды, өртке қарсы тақырыптарға арналған кинофильм және бейнероликтер көрсетуді қамтиды. 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь