Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

«iTest: Үздік нəтиже» республикалық байқауы

«iTest: Үздік нəтиже» республикалық байқауы

Ағымдағы жылдың ақпан айының 1-жұлдызынан бастап iTest.kz тұжырымдамасында ҰБТ-ға дайындық ретінде «iTest: Үздік нəтиже» республикалық, әлеуметтік-білім беру байқауы басталады. 

Жастар жылымен қатар келген бұл ауқымды бәйгенің мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың білім деңгейін жоғарылатып, оқушыларды ҰБТ-ны сәтті тапсыруға ынталандыру əрі дайындау. Байқауға қатысу тегін! Жарысқа 9, 10, 11-сынып оқушылары мен 1-курс студенттері қатыса алады. 

«iTest: Ең үздік нәтиже» сайысы   2019 жылғы ақпан айының 1-інен маусымның 20-ына дейін жалғасады.

Жүлде қоры – 13 000 000 теңге! Байқауда жеңіске жету арқылы жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу, бағалы сыйлықтарға ие болу мүмкіндігін жіберіп алма! iTest.kz сайтына кір де, сауалнаманы толтырып, байқауға қатыс! Бабың мен бағың қатар шапсын, жас түлек!

Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналған  республикалық «iTest: Үздік нәтиже» байқауы  басталды.  Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларына бірегей мүмкіндік беретін байқауды Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырып отыр. Байқаудың басты мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында  оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізу, ҰБТ-ға пайдалы ресурс арқылы дайындалып, сәтті тапсыруға ынталандыру.

Аталған сайыста ҚР азаматы болып табылатын 9, 10, 11-сынып оқушылары және жоғары және арнаулы кәсіби білім беретін оқу орындарының 1-курс студенттері қатыса алады. Қатысушылар үшін басты сый еліміздің үздік жоғарғы университеттерінің бірі – Алматы Менеджмент Университеті ұсынған 10 оқу гранты (тек 11-сынып оқушыларына қатысты) болып отыр. Одан бөлек, біздің қолдаушыларымыз ұсынған қатысушыларға арналған түрлі бағалы сыйлықтар да ойнатылады. Байқау бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 оқушы ұтысқа ие болады.

Аталған сайыс онлайн форматта www.itest.kz тұжырымдамасында өтеді. «iTest: Үздік нәтиже» байқауының жеңімпаздары мен сайыс нәтижелерін жариялау   салтанаты 2019 жылдың 21 маусымында өтеді. Байқау жайлы толық ақпаратты www.itest.kz  сайтынан біле аласыздар.

Bilim Media Group инновациялық компаниясының баспасөз қызметі


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь