Мектеп ғимараттарына алып кіруге болмайтын заттардың тізімі бекітілуі мүмкін
Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында Білім және ғылым министрі хабарлады. Ерлан Сағадиевтің айтуынша, бұл – жасөспірімдер арасында белең алған заңсыз әрекеттерді тыюдың бір амалы. Жиналғандар балалар қылмысын азайтуға қатысты арнайы әзірленген бағдарламаны талқылады. Құжат ата-ана жауапкершілігін арттыру, психологпен жұмысты күшейту сияқты бес бағытты қамтиды.