Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

2019 жылғы 22 қаңтардағы Үкімет отырысындағы Министрдің есеп беру тезистері

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! 

 

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын орындау үшін Білім және ғылым министрлігі барлық қажетті шараларды қабылдады. Оларға қысқаша тоқталып өтуге рұқсат етіңіз.

 

2018 жылы бөлінген 20 мың грант бойынша балалар оқып жатыр. Елдегі гранттардың жалпы жыл сайын бөлінетін саны 69 мыңға жетті.

 

Жаңадан қабылданған 53 мың студент – бакалавриатта, 13 мың – магистратурада, 2 мыңнан астам адам PhD программалары бойынша білім алуда.

 

Барлық грант алушылардың 50%-ы техникалық мамандықтар бойынша оқиды. (34 мың). Олардың ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік, радиотехника және электроника сияқты еңбек нарығы үшін маңызды бағыттар.

 

Және «Серпін» программасы бойынша ауыл жастарына 5 мың грант қарастырылған.

 

Гранттардың шамамен 20%-ы мұғалімдерді даярлауға, оның ішінде тілдік компетенцияны күшейтуге бағытталған.

 

Барлық жоғарғы оқу орындарында техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша гранттар құны ұлттық ВУЗ-дағы гранттармен бірдей болып, 635 мың теңгені құрады.

 

Яғни, Мемлекет басшысының гранттарды бөлу және құнын арттыру туралы тапсырмасы толығымен орындалды.

 

Жоғары білімнің қолжетім-ділігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдануда.

 

Біріншіден, осы жылдан бастап, ҰБТ жылына 4 рет өткізілетін болады. Осы, қаңтар айында бірінші рет өткізіп, жаңа ғана аяқтадық. Отыз бес мыңнан аса бала қатысқан болатын, осы түлектерге ақылы оқу үшін жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік берілді.

 

Екіншіден, «Білім туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бакалавриатқа ұқсас магистратураға қабылдау-дың жаңа моделі енгізілуде. Осы жылы магистратураға білім беру гранттарын беру, баклавриат процесстерімен бірдей болды. Магистратураға үміткердің өзі ВУЗ-ды таңдауына мүмкіндік беретін комплексті тестілеу нәтижесі бойынша жүргізіледі.

 

Екінші тапсырма бойынша - жатақханаларда жаңа орындарды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Осы 2019 жылы 5 мың орынды енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта, 3 жарым ай ішінде бізге 11 мыңнан астам орынға 20 өтініш келіп түсті, 6 мың 500 орынға 12 шарт жасалды. Олардың көбісі салына бастады. Қазіргі есеп бойынша 5 мың орын толығымен биылғы жылы беріледі. Сонымен қатар, осы айдың соңына дейін 4 мың алты жүз орынға тағы 8 шарт жасау жоспарлануда. Ол келесі жылы берілетін жобалар.

 

Және осы жоба іске асқаннан бастап білім беру ұйымдары өз қаражаты есебінен, осы мемлекеттік тапсырыс механизмін қолданбай 3 мыңға жуық орындық 10 объект енгізгенін атап өту маңызды. Оны өздері салды. Бұл Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

 

Жалпы, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың жаңа орындарды енгізу үшін барлық жағдай жасалған. 170 жер учаскесі анықталған. Олардың 121-і білім беру ұйымдарына тиесілі, 49-ын акиматтар бөлген.

 

27 ұйым ПСД әзірледі, 62-сі әзірлеп жатыр. Біз әзірленген және үлгілік ПСД банкін құрдық, оны жобаның жаңа қатысушылары пайдалана алады.

 

107 жоба бойынша қаржыландыру көздері анықталды. 50 жоба өз жоғарғы оқу орындары қаражаты және банктер қаражаты есебінен, 57 жобаны инвесторлардың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

 

Бақытжан Әбдірұлы, бұл механизмге жеке секторды тартуды күшейту қажет болып тұр.

 

Біз бизнестің жол картасын 2025 жылға дейін ұзарту шеңберінде құрылыс салушылардың кредиттік ставкасын субсидия-лауды ұсынамыз.

 

Сонымен бірге, осы жобаны толығымен орындау үшін жекелеген региондар қосымша жер учаскелерін бөлу жұмыстарын қарастыру қажет. Мысалы, Астана қаласында 12 жер учаскесі бөлінді, алайда тағы 9 учаске бөлу керек. Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының акиматтары қосымша 
1 учаскеден бөлу қажет болып тұр.

 

Реконструкция механизмін белсенді пайдалану қажет екеніне региондардың назарын аударғым келеді. Қазіргі уақытта жарияланған 20 жобаның 6-уы реконструкция арқылы 1 мың 200 орынды енгізуді көздеп отыр.

 

Реконструкция қосымша жер бөлуді және көп қаржы шығындарын қажет етпейді. Сондай-ақ объектіні қысқа мерзімде енгізуге мүмкіндік береді. 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Үшінші бастамасы жоспарланған мерзім аясында жүзеге асуда және оны тұрақты бақылауда ұстап отырмыз.

Назарларыңызға рахмет!


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь