Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

ҰБТ – 2019. Қандай өзгерістер болмақ?

Гүлжазира Сәдуақасова, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің 11-сынып жетекшісі: – Көбісі эмоцияға беріліп, бір балл болсын, айырылып қалған жағдайлар кездесті. Енді 4 рет тапсыруға мүмкіндік туып отыр. Бұл балалар үшін зор мүмкіндік болады деп ойлаймын. Бүгін 3 санатқа жататын 35 мың үміткер тест тапсырады. Бұл – 11 және 12-сыныптың оқушылары, жоғары оқу орындарында шартты түрде білім алып жатқандар мен шығармашылық мамандықтан өзгесіне ауысатындар. Соңғыларын тесттен бөлек, тағы екі емтихан күтіп тұр. Қуаныш Мәліков, ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары: – Мысалы, оқушы спорт және денешынықтыруда оқып жатыр. Ол жерге шығармашылық мамандық тапсырды. Енді бала қазір заңгер болғысы келсе, бір семестрден кейін құқықтану мамандығына ауысқысы келеді. Яғни ол құқықтанудың екі таңдау пәнін қайтадан тапсыруға тиісті. Осылайша, биыл қазақстандық оқушылардың үміті артты. Олай дейтініміз, алғашқы сынақтан сүрінген бозбала мен бойжеткеннің енді сағы сынбайды. Бекітілген жаңа талаптарға сай шекті балл жинай алмағандар наурызда қайтадан тест тапсыруға мүмкіндік алды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь