Ықылас Айбасов – Әлкей Марғұлан атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы. Бүгінгі өзгеріс енгізілген ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынап көрмек. Болашақта заңгер болуды көздейді, сондықтан адам құқықтары мен дүние жүзі тарихын қосымша пәндер ретінде таңдады. Оның айтуынша, алдымен қысқы және көктемгі сынақтарды байқап көріп, жазғы тестілеуге күш салмақ.