Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді

http://www.bilimdinews.kz/?p=25910
Жер бетіндегі ең ақылды 25 елдің тізімін Vouchercloud британдық порталы жасады. Дәстүрге айналған аталмыш тізімде азиялық және еуропалық елдер көш бастады.

Рейтингтің құрылуына әр елдегі Нобель сыйлығы лауреаттарының саны (тарихи интеллектіні бағамдау үшін), тұрғындардың білім саласындағы жетістігі, яғни ағымдағы орта IQ (шынайы интеллектіні бағамдау үшін) және білім сапасының деңгейлік (болашақ ұрпақтың интеллектісін анықтау үшін) көрсеткіштері негіз болды. Зерттеушілердің айтуынша, «айрықша дарынды халықты анықтау мақсатында мүмкін деген аймақтың барлығы қамтылған».

Негізінен Азия мен Еуропаның елдері енген рейтингті Жапония бастап тұр. Бұл елдің тізімнің ең басынан көрінуіне бағалаудың барлық үш талабы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізуі себеп болды.

Ал Қазақстан 25 елдің арасында мектептегі білім беру сапасы жөнінен АҚШ, Израиль, Финляндия, Нидерланды елдерін басып озып, 9-шы орыннан көрінді. Британдық Vouchercloud порталында: «Қазақстан елі күткен нәтижеден де асып түсіп, әлемдегі балалары ең ақылды елдердің тізімінде тоғызыншы орынға шықты. Бұл жаңа интеллектуалдық күш болуы мүмкін бе? Атақтарың арта берсін, қазақтар!» деп көрсетілген


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь