Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

Ағылшын тілі мұғалімінің 2017-2018 оқу жылының қорытындысына арналған есебі

Ағылшын тілі мұғалімінің 2017-2018 оқу жылының қорытындысына арналған есебі

        Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта елімізде тіл саясаты- мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес. Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деген болатын. Сол себепті менің алға қойған мақсатым: балаларды заман талабына сай, келешекке нық қадам баса алатындай етіп дайындау және де ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгертіп, тілге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

          Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау арқылы- тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Мен өз оқу іс- әрекетімде балалар ағылшын тілін тез есінде сақтап қалу үшін, түрлі- түсті суреттер, музыка, әр түрлі қозғалыс жаттығулары және ойын элементтерін пайдаланамын.

        Бастапқыда, оқу жылының І- жартысында 2 топқа ағылшын тілінен оқу қызметін жүргіздім. Олар:

Топ атауы

        Жас ерекшелігі

Бала саны

4

Ертөстік

Мектепалды даярлық топ

6

       

           

             Ағылшын тілін үйренуді балабақшадан бастаған қолайлы деп ойлаймын. 4-5 жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамын. Оқу қызметінің бастапқы кезеңінде сұрақ жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен  қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді.

            02 қыркүйек күні «English concours» білім беру әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған ағылшын тілінен қашықтықтан өткізілген «Жазғы қиял» байқауында  қатаыстық,

 

                          

      Қорыта келе, ерте кезден ағылшын тілін оқыту, тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез үйренуге көмектеседі. Ағылшын тілін балаларға жоғары деңгейде үйрету үшін, мен әрбір оқу іс- әрекеті барысында сабақты жүйелі түрде өз дәрежесінде, түрлі әдіс- тәсілдерді, ойындарды  қолданып, қызықты етуге тырыстым  және де тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткенді жөн көрдім.  Балаларға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады.     Келесі ІІ- ші жартыжылдыққа , алға қойған мақсатым:  балаларға ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерту және балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь