КГУ «Амангелді орта »мектебі жанындағы
жазғы тынығу лагеріндегі 2016-2017
оқу жылының маусым айы бойынша
жүргізілген жұмыстары туралы
хабарлама
«Жұлдыз» жазғы лагерінің негізгі мақсаты: балаларға жазғы демалыс уақытында еркіндік бере отырып, білімдерін кеңейтуге, ұйымшылдыққа ,адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Түрлі спорттық ойындар ойнату арқылы денсаулықтарын нығайтуды басты назарға алу болып табылады.
Жазғы лагерь басталмас бұрын оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік ережесі таныстырылып, қол қойылып алынды. Жазғы тынығу лагеріне маусым айының 5-і мен 16-сы күндері бойынша 1-2-3-4-5 сыныптар арасынан 27-бала іріктелініп алынып, оның 24-і ыссы тамақпен қамтылды,себебі: ең алдымен лагерге әлеуметтік жағдайы төмен балалар тартылған болатын. Және де оны мектеп медбикесі қадағалап отырды. Сонымен қатар мектеп психологі де жазғы лагерь демалушыларымен тығыз байланыста болды. Ең алдымен жазғы лагердің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Сонымен қатар күнбе-күн оқушылар түгенделіп, ҚР-ның Мемлекеттік Гимні орындалып, таңғы жаттығу мен қатар тазалықтары да уақытылы тексеріліп, жоспарға сай мынадай жұмыстар жүргізіліп отырды:
5 маусым күні «Сәлем, Лагерь!» тақырыбында лагердің ашылуы болды. Ашылуында лагерьдің аты, ұраны, әні мен ережесі, топ басшыларымен таныстырыл ып концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Лагерьдің ашылуына мектеп басшылары мен мұғалімдері және бүлдіршіндер ата-аналары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
6 маусым күні «Достық» күнінде әңгімелесу, пікіралмасу сабағы өтті. Дос туралы әңгіме оқылып, оқушылардан дос туралы ,досқа деген көзқарастары туралы пікірлері сұралды. Достық туралы мақал – мәтелдер айтылды. « Менің досым және мен » тақырыбында шағын әңгіме құрап, әңгімелеп берді. Осы сабақ барысында оқушылар адал дос пен амал достың аражігін ажыратуды үйрене білді. Оқушылар спорт алаңына барып, 310м жүгіріп , өзара « кім мықтыны» анықтады.
7 маусым «Кел, балалар оқылық» күнінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында: балаларымыз «Кітапханаға саяхат» жасап, рухани байлықпен сусындап қайтқан болатын. Әртүрлі жанрда ертегі кітаптарын алып оқып, кітапханашы апайға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, біраз мағлұмат алды. Сергіту мақсатында оқушыларға «Таныстыру» тренингі өткізілді. Алаңға шығып волейбол элементтері бар ойындар ойнады.
8 маусым «Қазына іздеу» күнінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Кім бай болар екен?» тақырыбында қазына іздеу ойыны мен «құпия тапсырма» атты ойындар ойнатылды. «Мен чемпион» тақырыбында спорттық жарыс болып өтті. Спорттық сайыс өте жақсы деңгейде өтті.
9 маусым «Ертегілер еліне саяхат» күнінде оқушылардың қазақ халық ертегілерінің астарында үлкен тәрбиелік мән бары мен оның пайдасы туралы айтылды. Оқылған ертегіге талдау жасалып, оқушылар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін сомдап шықты. Сабақ соңында «Белбеу тастау», «Аңшы мен үйрек» қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады.
10 маусым «Кім болам ?» күні оқушылар «Елімнің ертеңімін» тақырыбында әңгімелесіп, өздерін осы еліміздің бір мүшесі ретінде үлес қосуға әзір екендік -терін білдіріп, болашақ арман- қиялдары туралы, мақсат –міндеттері туралы баянда ды. «Менің отбасым» тақырыбында сурет салып, өз отбасылары туралы шағын әңгіме құрап берді. Спорттық алаңға барып, оқушылар футбол элементтерін үйреніп, біраз сергіп алды.
12 маусым «Болашағым бүгіннен» күні оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға және де елімізде өтіп жатқан ЭКСПО- 2017 көрмесіне азда болса өз үлестерін қосу мақсатында «ЭКСПО - 2017» балалар көзімен атты түсіндірме сабағы өтіліп, сурет арқылы оқушылар ойлары, көзқарастары анықталды. Сонымен қатар бүлдіршіндердің болашағы үшін ең бастысы олардың денсаулықтары мықты болғаны қажет. Оның бір кепілі - спорт екені белгілі. Соның дәлелі ретінде оқушылар өзара екі топқа бөлініп, қап киіп секіріп, жарысты. Ойын қызықты өтті.
13 маусым «Қызықты демалыс күні» күні. Бұл күні оқушылар осы жазғы сауықтыру лагері туралы шағын шығарма жазып, өлең оқып өз ойларын, алғыстарын, алдағы уақытта талай қызықты сәттер көп болса екен деген тілектерін жеткізді. Өнерлі демалушыларымыз әннен шашу шашса, көңілді әуенге мың бұрала билеген бишілерімізде табылып жатты. Жалпы атына сай бұл күн қызықты әрі көңілді өтті. Сергіту , денсаулықты нығайту мақсатында «Көңілді старт» спорттық ойыны ұйымдастырылды.
14 маусым «Сұрақтар мен жауаптар» күні оқушылар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» дамыту сабағы мен логикалық ойындар сабағы өтті. Мақсаты: оқушыларды ұтымды, көркем сөйлеуге баулу , логикалық тұрғыда ойлауға, қырағылыққа баулу болатын. Мақсат орындалды. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, дәлелдеді. Сонымен қатар ұлтымыздың ұлттық ойындарын ұлықтау мақсатында ұлттық ойындарымыз «Арқан тартыс» пен «Әтештер қақтығысы» ойнатылды. Оның ішінде «Арқан тартыс» қызықты әрі тартысты өтті.
15 маусым «Топсеруен» күні. Бұл күні балдырғандырымыз табиғат аясында демалды. Демалыс мектеп ауласындағы бақта өтті. Табиғаттың адамға пайдасы ұшан теңіз екендігі туралы айтылды. Сол пайдасы үшін де табиғатты барыншы қорғауымыз керек екендігіміз туралы оқушыларға түсіндірілді. Таза ауада ойындар ойнап, тамаша бір серуенге шығып, демалып қайтқан болатын.
16 маусым «Өнерлі өрге жүзер» күні. Бұл күні лагеріміздің қыздарының қатысуымен «Әдемі - ай» атты сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға жақсы көңіл –күй сыйлап, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Бұл күні балалар барынша сәнді киініп, әдемі жүріп, сыпайы сөйлеп, танымал әртістерге пародия салу арқылы өз өнерлерін ортаға салды.
17 маусым «Шебер қолдар» күні. Бұл күн шығармашылыққа арналды, яғни оқушылар «Шебер қолдар» деп аталған күніне байланысты, өз қолдарынан келетін бұйымдар жасап, «Менің сыйлығым» тақырыбында бір – біріне естелік ретінде тарту етті. Оқушылар өздеріне ұнайтын жануарлары туралы әңгімелеп, «Менің сүйікті жануарым» тақырыбына сурет салып тапсырды.
19 маусым «Әзіл күні» күні. Бұл күн толығымен әзілге арналып, күні бойы оқушылар көтеріңкі күйде болды. «Әзіл ауылына саяхат» тақырыбында оқушыларға Алдар көсе мен Қожанасыр әзіл әңгімелеріне тоқталдық, балалар орынды әзілдің пайдасы барын білді. «Әзіл қоржын» бөлімінде балалар өздерінің әзіл әңгімелерімен бөлісіп, өтірік өлеңдер оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
«Өнерлі бүлдіршіндеріміз көбейе берсін» - деген жақсы тілек тілеп, лагердің соңғы күнін осылай көтеріңкі көңіл – күймен, қимастық сезіммен аяқтадық.
Посмотреть новость на сайте учреждения