ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Тек бір ғана жауабы дұрыс. Жалпы 20 сұрақ – 20 балл.
1-мәтін
Бауырсақ
Шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та, ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.
2-мәтін
Ерте замандардың бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бұл күнде құм арасында қалған бір қаланы қоршап алыпты. Қорғаннан өте алмаған жау қалаға келетін ауыз суды тоқтатып, қамаудағы халықтың берілуін күтіпті. Қала жым-жырт. Бірнеше күн өтсе де, қалаға кіргізер нышан байқалмапты. Сонда дұшпанның әскербасы жарлық шығарған:
– Қаладан көтергенінше зат алып әйелдердің кетуіне рұқсат!
«Ерлері жоқ әйелдер бәрібір ұрпақ өрбітпейді, бұл халықты осылай құртамыз», – деп жау өз үкіміне масайрапты.
Қаланың байлығын таласа-тармаса бөліскен жау енді еркек атаулыны құрту үшін азаматтарды іздесе, қаланың бірде-бір үйінде жан жоқ!
Әйелдер бір-бір ер азаматты қапқа салып алып кеткен екен. Кішкене қыздар ер балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп кетіпті. Бір халық осылай аман қалыпты дейді.
(Фариза Оңғарсынова)
А) дәріптеді
В) бұйырды
С) балағаттады
А) эссе
В) роман
С) проза
А) Дұшпандардың қулығы
В) Қорғансыз халық
С) Қапыда қалған жау
А) Еркектер ақылды
В) Әйел қулығы 40 есекке жүк
С) Айлалы дұшпан
3-мәтін
Балапан ұясы
Бүркітті құсбегілер әртүрлі жолмен қолға түсіреді. Соның негізгі тәсілі бүркітті балапан кезінде ұядан алу. Бүркіт ұясын адам баласы оңай бара алмайтын, аса биік шың-құздың басына, жалама жартастарға салады. Кәнігі құсбегілер бүркіттің балапанын ұядан алу үшін ұзақ уақыт аса мұқият бақылап тексереді. Ұябасардың қай жақтан ұшып шығып, қайда барып, қалай қайтқаны – бәрі-бәрі аса мұқият бақыланады. Ақылды құс балапанына жем тасығанда өте қырағылық танытып, сақтықпен барынша құпия ұшады. Мысалы, ұядан ел көзіне түспей өте ерте ұшады немесе ұясын құпия ұстау үшін жемді ұяның жақын маңынан емес, барынша ұзақтан тасиды. Сол сияқты ақылды бүркіт ұясына жем әкелгенде дағдылы бір бағытпен келмейді және жемнің өзін үнемі бір жақтан әкелмейді, ұяға жақындаған кезде бой тасалап, сайды өрлей, жер бауырлай ұшып ұяның астынан жасырын тік көтеріледі. Нағыз қыранның ұясын табу оңай-оспақ жұмыс емес. Кейбір бүркіт ұя маңынан адамды көріп қалса, балапанын басқа жаққа көшіріп әкетеді. Ұядағы жұмыртқа жалғыз болса оны жалқы балапан деп атайды. Бұл қыран болудың бір белгісі деп есептеледі. Қыран бүркіттер жалқы балапаннан көбірек шығады. Ел аузында «жалғыз туса жан алар» деген сөз бар. Егер ұяда бірі үлкендеу, бірі кішілеу екі жұмыртқа болса, құсбегілер үлкендеуін ұябасар деп кішілеуінен бұқатана балапан шығады деп есептейді де, ұябасар жақсы өсіп жетілсін деп бүркіт жоқта ұядағы жемге ортақтасатын бұқатана жұмыртқаны алып тастайды. Бүркіт балапанында – сары аяқ, сары тұмсық болады. Өсе келе әртүрлі түске өзгереді. Бірақ, қырағы құсбегілер құсты осындай балапан кезінде-ақ назар салып, болашақта қандай құс болатынын парықтай алады. Балапан ана тәрбиесінде өсіп қана қанаттанады. Әбден ұшарға таяғанда ұстамаса, ақ үлпек кезінде ұядан алған балапан кенжелеп орыннан тұра алмайтын тілерсек дертіне шалдығуы мүмкін. Ұядан алған балапанды үйге әкелген соң үйшік жасап, бөлек баққан абзал. Үйшіктің есігін жауып, жемді төбесіндегі жарық түсетін тесіктен берген дұрыс. Балапан жемге тойғаннан кейін үйшікті тазалап, суды жаңалап қояды. Өйтпесе, ескірген жем жеп, борсыған су ішкен балапанға індет жұғады. Балапан есейген соң артқы екі тегеуіріне баулық бау тағып, айналсоқ жасап, саздауыт жазық жерге тұғыр орнатып, ұзын жіппен арқандайды. Жемді әбден қараңғы түскенде жақындатып қойса, таң атқанша жеп бітіреді. Бұлай тәрбиеленген балапан орынсыз піштактап шақырмайды әрі жемге таласып адаммен қарсыласпайды. Дала құсы тектес ер жетеді.
4-мәтін
Сарышұнақтар
Жабайы табиғатта сарышұнақтардың қимыл-қозғалысын бақылау – өте қызықтырарлық шаруа. Бұл кеміруші асқан сақтықпен жүреді. Күндіз інінен шығып, артқы аяқтарына тұра қала, айналасына қарауы еріксіз езу тарттырады. Сарышұнақтардың жақсы жақтарынан бөлек, жаман жақтары да бар. Мәселен, олар егістікті құртатын зиянкестерге айналуы мүмкін, немесе эпидемия таратушылар болуы, мысалы, жануарлар арасында оба таратуы мүмкін.
Құрастырушы: Республикалық «KAZBILIM» орталығы
©Авторлық құқық толығымен сақталған
Байланыс нөмірі: +7 776 4318008
Посмотреть новость на сайте учреждения