« Амангелді орта мектебі» КММ
«Динозаврлар
Әлемі»
Жетекшісі:Акжигитова М.К.
Орыс тілі мұғалімі
Проект авторлары:
Қаирбек Ерхан
3 «а» сынып оқушысы
Әмрен Олжас
1 «а» сынып оқушысы
Бағыты: Жаратылыстану ,тарих
13 желтоқсан 2017 жыл
Мазмұны
1. | Кіріспе | 3-4 |
1.1. | Зерттеу мәселесі | 3-4 |
1.2.. | Зерттеу мақсаты | 3-4 |
1.3. | Зерттеу шарттары | 3-4 |
1.4. | Зерттеу гипотезасы | 3-4 |
1.5. | Зерттеу тәсілдері | 3-4 |
1.6. | Жұмыс жоспары | 5-11 |
2. | Зерттеу қорытындысы | 12 |
3. | Қорытынды | 13 |
4. | Тұжырымдама | 13 |
5. | Әдебиет | 14 |
Кіріспе
Зерттеу мақсаты:
Динозаврларды зерттеп,олардың түрлерін білу.
Зерттеу шарттары:
6.Казахстанның аймағында мекен еткенін зерттеп білу.
Зерттеу гипотезасы :
Мүмкін ,жер бетінде қатты суық немесе қатты аптап болған болар..
Зерттеу тәсілдері:
Бұл тақырыпты зерттеу үшін бірнеше тәсілдерді пайдалануға болады: тақырып бойынша кітаптар оқу;документалды фильм, мульфильмдер немесе бейнебаян көру; интернеттен қызықты деректер табу, еліміздегі виртуалды музейлерге саяхаттау; ересектерден сұрап білу.
Жұмыс жоспары:
Введение.
Проблема исследования и её актуальность.
Динозавры просуществовали более 150 млн. лет. Какая же причина вызвала гибель этих гигантов? Разрешили ли учёные эту загадку? На этот вопрос мы решили найти ответ.
Так появилась тема моего исследования «Мир динозавров».
Цель исследования:
Изучить жизнь динозавров, познакомиться их разными видами.
Задачи исследования:
6.Проживали ли они на территории Казахстана.
Гипотеза исследования:
Возможно ,на Земле могло наступило резкое похолодание или потепление и они исчезли..
Методы исследования:
Для изучения этой темы можно воспользоваться несколькими методами: посмотреть и почитать книги по теме исследования, спросить у взрослых людей, познакомиться с мультфильмами, документальными фильмами, найти информацию в Интернете, посетить виртуальные музей нашей Родины.
План работы:
Кіріспе
Динозаврлар – 175 миллионға жуық жылдар бойы (240 миллион жыл бұрынғы кезден бастап, 65миллион жыл бұрынғы кезге дейін) Жер бетіндегі ең басым жануарлар болды. Алып динозаврлар жануарлардың барлық кезеңдегі ең ірілері болды және олар көлемі жағынан пілдерден біраз асып түсетін. Ерте кездегі ұшатын бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар) аспанға көтерілетін ең үлкен жануарлар болды. Жер үсті алыптарынан өзге мұхитта да құбыжық (монстр) жорғалаушылар өмір сүрді. Жаппай жойылудың үлкен мысалдарының бірі ол бор дәуірінің соңында динозаврлардың жойылуы. Динозаврларға бауырмен жорғалаушылардың екі отряды Saurischa және Ornitischa – олар бүкіл мезозой дәуірінде құрлықта тіршілік етті, сол себепті мезозой дәуірін кейде динозаврлар дәуірі деп те атайды.
Мезозой дәуірінде динозаврлар өздерінің өрлеу шыңына жетті. Сол кезде олар екі отрядқа, 25 тұқымдасқа және 200-дей тұқымға жинақталды. Олардың ішінде аса ірілері брантозаврлар мен тиранозаврлар болма, сонымен қатар ең кіші түрлері де болған. Бұл топтар барлық жер шарының құрлықтарында таралып, 100 миллион жыл бойы тіршілік еткен. Содан кейін бор дәуірінің соңында бірнеше миллион жыл ішінде олар мүлдем жойылды.
Олардың балалары
Өз ата-аналарының аумаған кішкентай динозаврлардың балалары қандай болған? Өз ата-аналарының аумаған кішкентай көшірмесі сияқты болған. Бауырымен жорғалаушылар болып табылатын динозаврлар жұмыртқа салған. Олардың арасында маязавр сияқты кейбіреулері қамқор ата-аналар болған. Олар ұя жасап, жұмыртқаларын жыртқыштардан қорып, балалары аяқтанып кеткенге дейін қасынан шықпаған
Нақты дәлелдер
Динозаврлар жойылуының нақты жорамалы жоқ. Әдебиеттерде олардың жойылу себептерін былай деп түсіндіреді; бор дәуірінің соңында динозаврлар үшін ауа райы тым суық болды, немесе тым ыстық болды, жергілікті сүтқоректілер олардың жұмыртқаларын жеп қойды; өсімдік жегіш динозаврлар мезозой дәуірінің өсімдіктерін жеп қойды; динозаврлар үлкен сәулелердің әсерінен жойылды, ол кезде жаңа жұлдыз жорық етуіне байланысты.
Соңғы жорамалдарды мүлде алып тастауға болады. Себебі егер ондай сәулелер әсер еткен болса, олардың әсері бірнеше сағат қана, онда жер бетіндегі барлық жануарлар бірнеше сағатта жойылған болар еді. Ал динозаврлардың жойылуы бірнеше миллион жылға созылды. Бұл жерде климаттың біртіндеп өзгеруі динозаврлар жойылуына әсер етті деген жорамал дәлірек сияқты.
Динозаврлар қандай болған?
Ең қорқынышты қай динозаврлар болған? Ұзындығы 12 метрге, салмағы 6 тоннаға дейін жететін, жақтары үлкен және бірнеше қатар тістері бар тираннозавр рекс және аллозавр сияқты сүтқоректілер ең қорқынышты динозаврлар болған. Бірақ "жезтырнақ" - дейноних, адам бойымен бірдей велоцираптор және кішілеу стенонихозавр сияқты динозаврлар да олардан қалыспайтын. Бұл жауыз етқоректілер ең ақылды динозаврлар болған. Тираннозавр рекс өзінен әлсіздеу динозаврларды аңдыған, сондай-ақ ол өлген жануарларды да тағажау еткен. Кейбір құрбандар анкилозавр секілді қарсылық шабуылдар жасаған. Брахиозаврдың өте ұзын қүйрығы мен сырықтай мойны. Қай жануарлар құрлықтағы ең ірілері болған? Тарихи кезеңге дейін сеймозавр және брахионавр сияқты бауырымен жорғалаушылар болды. 50 тонналық бауырымен жорғалаушылар үй сияқты өте үлкен болған. Олар тобырымен өмір сүрген, өсімдіктермен қоректенген және ағаштың басына дейін жететін ұзын мойындары болған. Аяқтарының тас болып қатып қалған іздері олардың жылдам жүгіре алатынын білдіреді. Қытайда сүйектері табылған шөпқоректі маменхизаврдың 15 метрлік мойны болған. Бұл алып жануарлардың кейбіреулерінің кұйрықтары мойындарынан да ұзын. Құрлықтағы ең үлкен сүтқоректі балухитерий болып табылады. Ол салмағы 30 тоннаны тартатын мүйізтұмсыққа ұқсайды. Бүгінгі таңда құрлықтағы ең үлкен жануар - салмағы не бары 7 тонналық африкандық піл!
Динозаврлар Қазақстанды мекен еткен бе?
Тәңірі жарылқаған Нұх пайғамбардың кемесінде болмаған бір тіршілік иесі болса, ол - динозавр.
Иә, кәдімгі ағылшын палентологы Ричард Оуэннің шошына "құбыжық кесіртке" деп атаған динозавры. Інжілде бұл үлкен кесірткенің әлем жаратылуының бесінші күнінде пайда болғанын айтады. Алайда әлемді топан су басқанда Нұх пайғамбар оны кемені аударып жіберуі мүмкін деген себеппен өзімен бірге алмапты-мыс. Динозавр қарғысқа ұшыраған ба? Жоқ, жай ғана көлікке сыймауы себепті қалып қойып, топан су құрбанына айналып кетіпті. Парадокс. Ғылым әлі де осы бір мақұлықтардың құпиясын аша алмай келеді. Олардың жер бетінен жойылып кетуінің үш-төрт нұсқасы бар. Ең негізгісі - ауа райының өзгеруі. Қалғандары: жер бетіне алып кометаның құлауы, жерде биоқордың күрт азаюы немесе биологиялық түр ретінде өз эволюциялық миссиясын аяқтауы. Оның қаңқасын өз территориясынан тауып алу кез келген мемлекет үшін археологиялық жетістік қана емес, ұлттық мақтанышқа айналып үлгерді. Әлемнің әр түкпірінен табылған, табылып жатқан, табылатын мезозей алыптары біздің өлкені мекен еткен бе? Иә. Ғылыми дәлелденген дерек пе? Иә. Қазақстанның мезозей дәуіріндегі және одан кейінгі кезеңдердегі зоологиялық картасын ойша жасап көрсек біз талай таңғажайыпқа тап боламыз: динозаврлар, птерозаврлар, қолтырауындар, жирафтар, страустар... Әңгімені Нұх пайғамбардың кемесінен басталық. Ол кеме "осы жерде тоқтады деген жердің биік нүктелері" туралы аңыз әлемде аз емес. Біздің наным бойынша ол - Қазығұрт. Қазір Мемлекеттік Тарих мұражайында сақтаулы тұрған А.Грищенконың Қазығұрттан тапқан динозавр сүйектері діни танымдағы "кемеге сыймай қалған мақұлықты" көз алдымызға алып келеді. "Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған?!" тегін айтылмаса керек-ті. Ал біздің даланы осыдан 150 миллион жыл бұрын мекен еткен ұшатын кесіртке Sordes pіlosus кейінгі біздің аңыздардағы айдаһарлардың арғы атасы емес пе?! Жылан қырық жыл кісі көзіне түспесе айдаһарға айналатыны туралы әпсана бала күннен таныс. Тіпті ол мифологиялық жыландардан кейде өз тегімізді іздейтініміз де жасырын емес. Бірақ бұл жай ғана жылан емес, ұшатын кесіртке болып тұр. 1960 жылдары кеңес палеонтологы А. Г. Шаровтың зерттеулері нәтижесінде Жамбыл облысындағы Қаратаудан табылған сордистің сүйегі бұзылмай сақталған. КСРО ҒА палеонтология институты ғалымдарының Түркістан қыраттарына жүргізген ұзақ жылғы зерттеулері Юр дәуірінде тіршілік еткен осы сордисті жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туғызды. Бұл қазақ жерінің оңтүстігін мекен еткен алып мақұлықтар тарихы. Ал Батыс Қазақстандағы Ақтолағайдан табылған динозаврлардың сүйектері біздің елдің ғана емес, батыстың да қызығушылығын тудырғанын білеміз. 2004 жылы "World Dіscovery" журналының ұжымы Атырау өңіріне экспедиция жасаған болатын. Қазіргі Каспий ежелгі алып Хазардың жанында көлшіктей ғана болған кездерде (осыдан 60 миллион жыл бұрын Қазақстан территориясы Тетис атты теңіздің түбі болса, еліміздегі өзен-көлдер соның сарқыншағы) оны жыртқыш акулалар мен динозаврлар мекен еткен. Ол теңіз солтүстік мұзды мұхитымен шектесіп жатқан. Енді Шығыс Қазақстандағы "Алаулы адырлар" геологиялық-палеонтологиялық және геоморфологиялық табиғат ескерткішіндегі динозаврлар тарихы таңданбасқа мүмкіндік қалдырмайды. Мезозей дәуірінің бор қабаты мен кайнозей дәуірінің палеогенді қабатының арасындағы үрейлі динозаврлардың сүйек қалдықтары мен жұмыртка қауыздары қазақ байтағы тарихын тым тереңге тартады. Мезозей дәуіріндегі ыстық та ылғалды жанға жайлы тропикалық табиғатта мекен еткен динозаврлардың сүйектері 1959 жылы табылды. Қазір де сұлу Зайсан мезозейде жұмақтың өзі болғанға ұқсайды. Ол динозаврлардың ұзындығы 40 метрге дейін, ал салмағы 80 тоннаға дейін тартқан екен. Павел Мариковский 50 жыл Қазақстанды аралап жүріп, тасқа түскен суреттерді зерттеген уақытында талай ғажайыпқа куә болғанын айтады. Ол Сарыарқадағы Қалмақемел мен Қалмақөбелге жасаған саяхаты кезінде жартастардағы диплодок динозаврлардың суретін көрген. Сондай-ақ оның жанына тауешкісінің де суреті салыныпты. Динозавр болса, аузын арандай ашқан күйде. Ойлап көрелікші, динозаврлар осыдан 66 миллион жыл бұрын (бір деректерде 33 миллион) құрып біткен болса, жартасқа сурет салған ұлы даланың, бәлкім, алғашқы суретшісі оның бейнесін ойлап тапқан ба? Демек, бұл суреттердің салынған уақыты да сол дәуірлерге кетеді деген сөз. Ақылға сыймайды. Бірақ деректің аты - дерек. Міне, динозаврлар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Орталық Қазақстанда да мекен еткен. Бұл алып мақұлықтардың республикамыздың барлық өңірінде өмір сүргенін көрсетеді. Күні кеше ғана Астана астынан мамонттар сүйегі табылды. Мезозей дәуіріндегі қазақ жері! Ол - әлемнің кіндігі болатын. Ол - өркениеттердің басы еді. Тропикалық ормандар, алып теңіздер, жан-жануарлардың, жәндіктердің, өсімдіктердің сан мыңдаған түрі! Менделеев таблицасындағы барлық элементтердің жиынтығы! Генеологияда адамзат баласының оңтүстік шығыс Африкадан басталған көші Қазақстан территориясында жүздеген жылдар мекен етіп, кейін батыс және шығысқа қоныс аударғаны туралы деректер бар. Сол уақытта ұлы далада қалып кеткен ұрпақ - біздің бабаларымыз. Ол кезде олар халық болды ма, жоқ әлде тайпа ма, әлде рулық құрылым ба, болмаса жай ғана адамдар қауымдастығы ма, қалай болғанда да, табиғат заңына сәйкес, қоныс еткен территорияда қалу, оны сақтап қалу - жеңімпаздықтың, қан жеңісінің, ой жеңісінің, тек жеңісінің көрінісі болса керек. Динозаврлар мен мамонттарға мекен болған ұлы дала - қазақтың бағы мен құты!
Когда жили динозавры? Мезозойская эра.
Великая эпоха динозавров началась 240 млн лет назад и продлилась около 175 млн лет. Землю заполнили всевозможные рептилии. На суше господствовали крокодилы, летающие птерозавры и, конечно динозавры. В это время обитали уже и первые млекопитающие. В море тоже воцарились гигантские рептилии. Во второй половине мезозоя на растениях впервые распустились цветы, а в воздух поднялись примитивные птицы. Эта эра закончилась, когда динозавры, птерозавры, морские рептилии и некоторые другие существа по непонятной причине внезапно вымерли.
Как мы узнали о динозаврах?
Всё, что сегодня известно о динозаврах, люди узнали, исследуя окаменелости растений, животных или же их частей – иначе говоря, ископаемые, – которые находят при раскопках или случайно.
Некоторые места, где были найдены останки динозавров, называют «захоронениями» или «могильниками», поскольку там обнаружено огромное число костей, в том числе и целые скелеты.
Конечно, останки можно обнаружить совершенно случайно, но в большинстве случаев экспедиция палеонтологов (учёные, которые занимаются раскопками вымерших растений и животных) приезжает на определённое место и начинает искать в земле кусочки костей.
Кто дал имя динозаврам?
Английский учёный Ричард Оуэн (1804–1892) нашёл большое количество огромных костей. Звери, скелеты которых он обнаружил, представились ему очень страшными, и он назвал их «ужасными ящерами», или динозаврами. С тех пор их так и называют.
Как выглядели динозавры?
Некоторые динозавры были огромных размеров, с целую теннисную площадку, а другие – маленькие, как курица. У одних кожа была гладкая, у других – покрытая чешуйками, а то и вовсе роговым панцирем, защищающим тело. Помимо этого у некоторых ящеров были рога или шипы. Нам известно около шестисот разновидностей динозавров.
Чем питались динозавры?
Большинство динозавров питались травой. Учёные называют их травоядными. Кроме этих миролюбивых поедателей травы были динозавры–хищники, питавшиеся мясом. Их называют плотоядными.
Большую часть дня динозавры были заняты добыванием пищи. В особенности часто это заботило травоядных, потому что в растительности содержится значительно меньше питательных веществ, чем в мясе.
Хищные динозавры охотились на травоядных динозавров, убивая их с помощью своих острых зубов и когтей. Если травоядным динозаврам не удавалось спастись бегством или они не имели защитного панцирного покрова, у них не оставалось ни единого шанса на спасение.
Почему исчезли динозавры?
Сегодня учёные знают, что динозавры исчезли хотя и не мгновенно, но очень быстро – всего за несколько миллионов лет.
Существует несколько гипотез, которые объясняют разные причины вымирания динозавров 65 миллионов лет назад. Одна из них утверждает, что произошло столкновение Земли с астероидом – гигантской каменной глыбой, мчащейся в космосе. Поднявшиеся в результате столкновения плотные тучи пыли надолго заслонили Солнце. Растения перестали расти, на Земле стало очень холодно, поэтому динозавры вымерли от голода и холода.
Существует иное мнение. Считают, что причиной вымирания динозавров могло стать повышение уровня Мирового океана, вызвавшее сильные разливы рек. Возможно, неподалёку от Солнечной системы вспыхнула сверхновая звезда, обрушив на Землю ливень смертоносных лучей.
Қорытынды
Жер шарында мекен ететін жануарлар жойылып кетпеуі үшін,оларды аялау керек,көмектесу керек .
Қорытынды
Зерттеу жұмысын бастағанымызда ,тақырып бойынша ,біз көптеген әдеби кітаптар жинай бастадық, интернеттен білгеніміз қаншама! Мәліметтер өте көп,көптеген сұрақтарға жауап табуға болады екен. Сол себептен «Динозавр&Мен» -шағын кітапшасын шығаруды ойға алдық.Вывод.
Надо заботиться о животных, которые обитают на нашей планете,чтобы и они не исчезли как динозавры.
Заключение.
Когда мы начинали исследование по теме «Мир динозавров», нам пришлось перебрать большое количество книг и журналов, посвящённых динозаврам. Оказывается, что ещё на сотни вопросов можно найти ответы по этой теме. Поэтому я будем продолжать эту работу. Планируем создать книжку «Динозавр и Я» .
Пайдалынған әдебиет:
Балалар энциклопедиясы, М, «Махаон», 2006.
Литература:
животные», Издательство «Махаон», 1998.
Посмотреть новость на сайте учреждения