Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

Ұлы Жеңіске 73 жыл

- ҰОС тарих қойнауында қалды. Бірақ сол 1941 мен 45 арасында болған ұрыстың кесірі әлі ел есінде. Отты жылдары майдан даласында миллиондаған адам қаза тапты. Жараланып тағдырдың тәлкегін өмір бақи кешкендердің саны қаншама?! Көзсіз ерлік танытқан сол жандар Жеңіске жетті. Міне, сол күннің орын алға бүгін тура 73 жыл толып отыр. 

Иа, шынымен де сұрапыл соғыста жаужүрек жауынгерлер мына театрландырылған қойылымдағыдай ерліктің нақ үлгісін көрсетті. Батыстан беттеген неміс әскерін жермен жексен етіп, Берлиннің күлін көкке ұшырды. Бұл Ұлы Жеңіске жетуге солтүстікқазақстандық майдангерлердің де қосқан үлесі ұшаң-теңіз. Табаны күректей 4 жыл ішінде ұрыс даласына теріскейден 90 мыңнан аса сарбаз аттаныпты. Оның 34 мыңы Отан үшін от кешіп қаза тапқан. Қалғаны елге оралды. Солардың бірі кеудесі медальға толы - Сергей Пресняков.

Сергей Пресняков - Ұлы Отан соғысының ардагері:


- Соғыс басталғанда Свердловск қаласында оқитынмын. Сол жақтан әскерге шақырылып, бір айдан соң ұрысқа аттандым. Солтүстік-батыс майданында соғыста болдым. Сонда жүріп жараландым. Талай қиын күндерді бастан өткердік. Қаншама жолдасымыз қаза тапты. Мұнын бәрін еске алсам, көңілім босайды


Ел басына күн туғанда жауынгерлер майдан даласында жаумен күрессе, тыл еңбеккерлері танап басында тер төкті. Шаршау мен қажуды білмейтін олар күндіз-түні еңбек етіп, жеңісті жақындатты.

Қайыркен Бәйкенов - тыл еңбеккері:


- Қиын болды. Егін ектік, колхозда жұмыс істедік.


Кейінгі ұрпақ бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін біледі. Мерекелік шара барысында жиналғандарды Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан орынбасары Асқар Сақыпкереев құттықтады. Ол Отан үшін толарсақтан саз, тізеден су кешкен батыр жандардың еңбегін тілге тиек етті.

Асқар Сақыпкереев - СҚО әкімінің орынбасары:


- Бұл бірлікпен ерліктің, даңқпен батырлықтың мерекесі. Ұрпақтың болашағы үшін қолына қару ұстап майдан даласында қалған жауынгерлерлі еске алып, майданнан оралған ардагерлерге құрмет көрсететін күн.


Бұдан соң, қара құрым халықтың назары "Мәңгілік алау" мемориалдық кешені жағына ауды. Бұл ескерткіш басына жиналғандар қызыл қалампыр гүлдерін қойып, соғыста бақилық болған жауынгерлерді еске алды. Алдымен ҰОС ардагерлері майдангер жолдастарына тағзым етті. 

Мерекелік шараға Ауған соғысының ардагері Құсан Бегалинов те келіпті. 1980-81-ші жылдары интернационалистік борышын өтеген азамат қан төгістің қандай ауыр екендігін жақсы біледі. Сол себепті жерлесіміз елімізде әрқашан тыныштық болсын деген тілегін білдірді.

Құсман Бегалинов - Ауған соғысының ардагері:


- Соғыс деген өте ауыр жағдай. Алдымызда соғыс болмасын. Жақсылықта ғана кездесе берейік.


Ал, Кәмал Әубәкірова үшін бүгін қос мереке. Ақ жаулықты апамыз Жеңіс мерекесімен қатар туған күнін атап өтіп отыр. Соғыс жылдары жерлесіміз тылда еңбектеніпті.

Кәмал Әубәкірова - тыл еңбеккері:


- Мен соғыс басталғанда 9 жаста болдым. Сиыр жегіп егін ектік. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын. 


Бұл барша теріскейліктер бір-біріне өздерінің ақ жарма тілектерін білдірді.


- Халқымыздың барлығына жақсылық тілейміз. Соғыс болмасын.


- Біз жастар ардагерлерді құрметтейміз. Батыр ардагерлеріміздің қатары азаймасын.


- Жеңіс күні құтты болсын. Еліміз жасай берсін.
 


Мерекеде театр алаңы маңында теріскейліктерге әскери ботқа үлестірілді. Мейрамға орай дәмі тіл үйірер ас молынан әзірленіпті. Сонымен қатар, жерлестеріміз концертті де тамашалады.

Подробнее: http://mtrk.kz/kz/component/content/article/24439.html
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.mtrk.kz


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь