Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ (ОБ ОЖСБ): МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ (ОБ ОЖСБ): МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Құрметті әріптестер, ата-аналар мен оқушылар!
9-24 сәуір аралығында 4,9,11 сынып оқушылары орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалаудан өткенінен хабардарсыздар. Осы аралықта біз Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Сырттай бағалау басқармасы басшысы Жұлдыз Мүсіровамен сұқбаттасып, ОБ ОЖСБ мақсаты жөніндегі ата-аналар мен оқушылардың көкейінде жүрген сауалдарды қойған едік.

С.: Әңгімемізді ОБ ОЖСБ деген не деген сұрақтан бастасақ.

Ж.: Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ) – білім беру сапасын бағалаудағы тәуелсіз әдістердің бірі. Ол 2012 жылы заңмен бекітілген. Ол кезде пәндер бойынша тек тоғызыншы сынып оқушылары ғана сынақ тапсыратын. 2016 жылдан бастап төртінші сынып оқушылары да бағалаудан өте бастады. 2017 жылы ОБ ОЖСБ он бірінші сыныптарға да міндетті болды. Жыл өткен сайын бұл әдіс жетілдіріліп келеді. Қазір оқу сапасына мониторинг жасаудың ұлттық жүйесіне айналды.

С.: ОБ ОЖСБ-нің не қажеті бар?

Ж.: ОБ ОЖСБ арқасында оқушылардың пән бойынша білімі мен функционалды сауаты бағаланады. Атап айтқанда: математика, жаратылыстану, ақпараттық-коммуникациялық, оқу сауаты. Бағалау пәндері жыл сайын ауысып тұрады. Осы уақыт ішінде ОБ ОЖСБ мектептегі білім сапасына оң әсерін тигізіп, оқу процесіндегі бірқатар олқылықтарды анықтап берді. ОБ ОЖСБ нәтижесінде біз республикадағы білім сапасын бірнеше сала бойынша қадағалай аламыз. Мысалы, өңірлер бойынша білім сапасын, жекелеген оқу орындарындағы білім беру қызметтерінің деңгейі және оқушылардың пәндер бойынша білімі қаншалықты екенін анықтауға көмектеседі. Осының нәтижесінде министрліктің тиісті департаменті облыс пен қаланың білім басқармасымен бірлесе отырып, білім сапасын жақсарту жоспары мен жұмыстарына түзету енгізеді. ОЖСБ нәтижелерін уәкілетті орган білім беру саласындағы заңнаманы қадағалау барысында жүргізілген тексеру кезінде тәуекелдерді бағалау жүйесінің өлшемшарты ретінде пайдаланады. Сонымен бірге ОЖСБ нәтижелерін рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізіледі.

ОБ ОЖСБ өткізу кезінде білім алушылар мен мектеп әкімшілігі арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама педагогтардың кәсіптік құзырлық деңгейі, басқарушылық қызметтің стилі мен әдісі, тиімді оқыту-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, ыңғайлы және әдістемелік жұмыстар секілді білім алушылардың сапалы білім алуына әсер ететін басты факторларды анықтайтын шынайы мәліметтерді алуға ісептігін тигізеді.

С.: Барлық мектеп ОБ ОЖСБ бір мезгілде тапсырады ма?

Ж.: Мектептер тізімін Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Мониторинг болғандықтан ОБ ОЖСБ-ны барлық мектепте бір мезгілде өткізу – тиімсіз. Биыл 1406 орта білім беру мекемесі, яғни олардың жалпы санының 20%-ы тапсырды. Мектеп кездейсоқ әдіспен таңдалады. (Simple Randon Sampling_SRS).

С.: ОБ ОЖСБ-да кездесетін сұрақтар және өткізілу тәртібі жайлы айтыңызшы.

Ж.: Ұлттық тестілеу орталығы ОБ ОЖСБ үшін жалпы білім берудегі оқу бағдарламасына сәйкес тест тапсырмаларын дайындайды. Әзірленген сұрақтар мектеп мұғалімдері мен министрлік мамандарынан құралған сараптамадан өтеді. Тестілеу оқушылар өздері оқитын мектеп қабырғасында болады.

Биыл ОБ ОЖСБ бірнеше кезеңде өтті. 9-16 сәуір аралығында төртінші сынып оқушылары өтті. («қағаз» тест: жауап парақтары мен сұрақ-кітапшаларының көмегімен). Оларды министрліктің уәкілетті органы жыл сайын айқындайтын екі пән бойынша бағалады. 30 сұрақтан тұратын тест сынағына 70 минут берілді.

Дәл осы кезеңде материалды-техникалық жағынан толық қамтылмаған мектептерде 9-11 сынып оқушылары ОБ ОЖСБ қағаз бланкпен тапсырды.
Ал 16-24 сәуір аралығында 9-11 сынып оқушылары ОБ ОЖСБ сынағын компьютерде онлайн режимде тапсырды. Нәтижесі тест аяқтала салып бірден шықты. Тоғызыншы сыныптар 130 минут ішінде қазақ тілі (20 сұрақ) мен басқа да пәндерден (40 сұрақ) тест тапсырды. Сұрақтар тізімі мен санын уәкілетті орган жыл сайын бекітеді. Максималды балл — 75.

Он бірінші сыныптар 140 минут ішінде үш пәннен 80 тапсырма орындады. Үш пән бойынша максималды балл — 100. Биыл 11 сынып оқушылары Қазақстан тарихы, қазақ тілі, алгебра мен анализ бастамаларынан тапсырды.

С.: Тест ақылы ма?

Ж.: ОБ ОЖСБ өткізу тегін. Оқушылар ОБ ОЖСБ-ға дейін алдын-ала сынақ тестін тапсырып көруіне болады. Ол – ерікті және ақылы.
Ұлттық тестілеу орталығы ОБ ОЖСБ алдын-ала дайындалу үшін сұрақ-жауап кітапшаларын шығарады. Бір кітапша құны — 376 теңге. Бұл материалдарды жеке сатып алуға болады немесе Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарынан мектепке ұйымдастырып алдыруға да болады.

Тоғызыншы сынып оқушылары ОБ ОЖСБ-ға Ұлттық тестілеу орталының сайтында онлайн-тестілеу арқылы да дайындала алады. Бір рет тест өту құны — 260 теңге. «Халық банк» АҚ, «Қазпочта» АҚ немесе «Касса 24» терминалдары арқылы Ұлттық тестілеу орталығының реквизиттеріне төлем жасауға болады.

С.: ОБ ОЖСБ кім ұйымдастырады?

Ж.: Білім беру орындарындағы ОБ ОЖСБ өткізу барысын министрліктің уәкілетті: орта мектеп мұғалімдері және Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департамент мамандары қадағалауды жүзеге асырады. Олар тест бланкілерін толтыру тәртібін түсіндіріп, балаларға психологиялық-эмоциялық жағдаймен қамтамасыз етуді қадағалайды. ОБ ОЖСБ өткізудің техникалық жағынан алып жүруге Ұлттық тестілеу орталығы жауап береді. 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь