Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

"Құпия әуен" атты ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құпия әуен. Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұны мен идеясын кейіпкер әрекеті арқылы ашуға жағдай туғызу. Аңыз әңгіменің ерекшелегін байқауға мүмкіндік беру. Мәтінді өз бетімен оқып, түсіндіру жолдарын ойлауға мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін, дағдыларын дамыту, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Мәтіннің идеясы арқылы шыққан ұлттық құндылықтарымызды естен шығармауға, ең бастысы тарихымызды тануға, оқуға, жадында сақтауға баулу. Сабақты өткізу технологиясы: «Кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «INSERT» стратегиялары, Сұрақ – жауап, дивергентті ойлау және Сократтық әдістері. Сабаққа қажет құрал – жабдықтар: Маркер, плакат,кеспе карта, гүлт.б Сабақтыңбарысы: І. Психологиялық сәт: (интерактивтік тақтаға қарап айту) Бір, екі, үш, Сынып іші тып–тыныш. Амансың ба, достарым! Амансың ба, қонағым! Амансың ба, ұстазым! Бүгінгі күн бәріңдіде қуантсын! ІІ. Үй жұмысын сұрау: (дивергентті ойлау топтық жұмыста. Бір мәселенің (проблема) бірнеше шешімін іздеу мақсатында қолданатын шығармашылық ойлау түрі) Тақтада гүлдің суреті ілініп тұрады. Әр бала өзіне ұнаған гүлдің күлтесін алады, артына жазылған сан бойынша сұраққа жауап береді. а) Әңгіме қалай басталады? ә) Аққошқар батыр атбасын қайда әкеліп тірейді? б) Домалақанаға Аққошқар батыр не айтты? в) Батырлар Домалақ анаға неге таң қалды? г) Қуғыншыларға анамыз не айтты? ғ) Домалақ ана «құрайт» салғанда не болды? д) Ақ қошқар батыр не деп ақырды? е) Домалақ ана қандай адам? ІІІ. Қызығушылықты ояту: Печо – Куча. (презентация) (суреттер корсету арқылы белгілі уақытта неғұрлым көбірек мәліметтер айтқызып, оқушының ойын жаңа тақырыпқа жетелеу. Тақтада ұлттық аспаптар, оркестр, композитор, нота суретін көрсету. -Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер? - Күйді қандай аспапта ойнайды? -Күйді кім шығарады? - - Қандай композиторларды,күйшілерді білесіңдер? - (музыка сабағына саяхат) - Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? «Күй – көне музыкалық шығарма» Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткенғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қосішегі арқылы жеткізе білді. Аңыз күйлер – халықтың өткен тұрмыс – тіршілігі жайлы баяндайды. ІҮ. «Құпия әуен» мәтінінімен танысады. Мәтіннің авторы М.Әбілұлының өмірбаяны, еңбек жолы жайында айту. Меңдібай Әбілұлы филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Ү. Топқа бөлу: Топ басшыларын сайлау (бағалау парағын тарату) І топ «Жазушылар» ІІ топ «Ақындар» ІІІ топ «Суретшілер» Мәтінді үш балаға абзац бойынша бөлемін. (Сократтық әдіс. Сұрақ қою арқылы жасырын білімді жарыққа шығару. Бағыттаушы сұрақтар мен пікірталас оқыту түрі) Белгілі уақыт беріп, оқып, түсінгендерін басқа оқушыларға түсіндіре білуге жағдай жасау. Әр топтың басшысы айтып, түсіндіреді, қалған сол топтың баласы ойын толықтырады. «Болжау әдісі» бойынша мәтінді оқу, талдау. І топ «Жазушылар» - «Менің екі тізем қалтырап бара жатыр,-депті бір жоңғар тізерлей кетіпі» деген жерге дейін оқиды, мазмұнын айтып береді. • Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады) ІІ топ «Ақындар» - « Мұны естіген қолбасшы» деген жерге дейін оқиды, мазмұндайды. • Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады) ІІІ топ «Суретшілер» - «Мәтінді соңына дейін оқиды» Балалар, мәнін мазмұны біз ойлағанмен сәйкес келді ме? Өз ойларын айтады ҮІ. Күй тыңдау: Құрманғазының күйі «Адай» тыңдау. ҮІІ. Топтастыру жұмысы: 1 топ Жазушылар «Күйден алған әсерім» маркер мен плакат беріп, топтастыру жұмысын жүргізу. 2 – топ Ақындар «Күй» сөзіне 5 жолды өлең жазғызу. Күй Әсерлі Көңілді Шаттандырады Рухтандырады Жігерлендіреді Халық күйді түсіне білген. Әуен 3- топ Суретшілер ұлттық аспап сурет салу ҮІІІ. Сөздік жұмысы: Шолғыншы – айналаны бақылаушы ,хабар беруші Жерқайысқанқол – көп әскер Барлаушы – елші Жаба тауы – Жетісу (жоңғар) тауы. Жаба тауы жайында қысқаша айтып өту. ІХ. Қорытынды: Күйдің құдіреті туралы ойын жазғызу. Күй жылағанды жұбатады, қуантады. Ынжықты жігерлендіреді, Жалқауды еңбекқор атандырады. Қандай еліміздің күйшілерін білеміз? Қандай аспаптармен күй тартады? Х. Үйге тапсырма: (Кері байланыс) Күй туралы эссе жазу. ХІ.Рефлексия: - Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Мен білдім... Мен үйрендім... Менің қолымнан келді... ХІІ. Бағалау: Оқушылар смайлик арқылы өздерін бағалау.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь