1998 жылдың ақпан айында қабылданған жарлыққа сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланған. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Бүгінгі таңда біздің мектептің оқушылары үш тілде еркін сөйлей алады.
Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде Тіл мерекесі өтеді. Биыл да осы мерекеге байланысты «Тіл - достықтың алтын көпірі» сайысын өткізгелі отырмыз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау