Мұғалім:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекеңізбен құттықтай отырып дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!
Наурыз қайтып оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та, ақыл да біз.
Кең дастархан, даламыз-сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
Келіндер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге токкен бақыт күнін
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Каһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Қанекей қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасын, басқа басын.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі-жасың.
1-ж: Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленген.
Ендеше: Бастаса-елдің көсемі,
Сөйлесе сөздің шешені.
Ақылы асқан абыздай,
Бар түйінді шешеді,-дей отырып, мектебіміздің басшысы
Тоқпанов М.С.-на құттықтау сөз беріледі.
Наурыз-айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам қалмасын некен –саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Ән_____________________________________
Наурыз тойы - Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз парсы тілінде Жаңа күн деген сөз, яғни жыл басы. Ұлыстың ұлы күні ел елжірей қуанып, есік ашып, дастарқан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтайды. Наурыз күнінің бір ерекшелігі бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан Наурыз көже пісіріледі. Наурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
«Бұлақ көрсең көзін аш»деп қауласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!» деген қариялар бұлақ басына тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн-Ана!» деп иіліп сәлем береді. Халық аңызы бойынша бұл күні Қызыр баба барлық босағаны аттап, төрге шығып, бақыт, мерей, қуаныш әкеледі, жақсылық нұрын шашады.
Олай болса, Ұлыс оң болсын! Ақ жол болсын!
- Ендеше балалар біздің бүгінгі қарсы алғалы отырған жылымыз қалай аталады?
Хормен: Барыс
2-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, ел боп қарсы алайық - дей келе келесі сөз кезегін оқушыларға берейік.
(Тақпақтар айту)1-сынып оқушылары
оқушылар
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігінің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр ғой қыр мен ой
Күн мен Түн теңелді
Жер шуаққа кенелді.
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже:Наурызым құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Сиырды»қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Барыс » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата-әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын
Наурыз қыз:
Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн\Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз- той,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Шашу шашылады
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз 22-нде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам-жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Наурыз мейрамы-өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсы халқының «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның ауызы аққа тиген, жер бусанып, малдың ауызы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі-«Ұлыстың ұлы күні»-деп атайды екен.
Ұлы күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен
«Оң болсын, -деп,-ұлысың!»
Төс түйісйп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
Төс түйісу дегені-
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені-
Тоқшылықтың белгісі.
Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!- дей отыра сөз кезегін ____________________________
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн-ана,
Алып келіп жер бетіне гүл көктем!
Наурыз-Ана (Екі қолын жоғары көтеріп)
Наурыз дәмі –Наурыз көже беретін,
Үй қыдырып жүретін,
Әдет-ғұрып, салтым бар.
Қане қазан ашылсын,
Жеті дәмнен тұратын
Наурыз көже ішілсін.
«Бисмиллә»-деп бастаймын,
Әдептен әрі аспаймын,
Ырыс толсын шарама,
Көже құя бастаймын. ( Наурыз көже таратылады)
1-жүргізуші: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Оның мәні - Жаңа жылда молшылық, мәнді де, дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету.
- Қане, Наурыз көжеден дәм татайық!
Наурыз көже таратылады.
Ән: Қазақтың дастарқаны
Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіндер!
Бүгін бізде-
Наурыз көже құрт-қатық, бұршақ қосқан.
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Ал балалар, Қыдыр-атаны ортаға шақырайық. Қыдыр-атаны алғашқы көрген адам бақытты болады екен.
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы,
Батаңды бер, жарылқа жыл мырзасы.
Әумин деп қол жайдық әз ақсақал,
Бата сұрап өзіннен Қыдыр баба!
Қыдыр ата:
Елдеріңнің іргесі берік болсын
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын
Сөздерің серттей берік болсын
Ісің ілгері, ақылың серік болсын
Еккендерің өмірлі болсын
Өмірлерің көңілді болсын
Төрт түлік төлді болсын
Ақ көп болсын
Қайғы жоқ болсын
Пейілдерің кең болын
Сапарларың оң болсын
Мына ұлыстың ұлы күні
Әрбір отбасына бақыт әкелсін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Әумин!
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігінің,
Тойы деп айтуға болатындай
Наурыз жырын жырлаймыз,
Онымен де тұрмаймыз.
Шындалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз
«Түтін түтету» рәсімі.
7 ана шығып: «О, құдайым зарыға күткен Жаңа жылымыз келді.
Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке.
Менің ұрпақтарымды аман ет,
Пәле жадан сақтай гөр,
Жамандық ары кет, әрі кет!»-деп аластайды
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз,
Өзге ұлттың біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Салт-дәстүрім жараса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Наурыз құтты болсын!
Дендеріңіз сау мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын
Еліміздің несібесі көп болсын!
Қош, сау болыңыздар, халайық
Көріскенше күн жақсы.
Келгендеріңізге рахмет! Қош-сау болыңыздар!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау