Тәуелсіздік мерекесіне орай, 8-сыныпта "Тәуелсіздік - тұғырым" атты сынып сағаты өткізілді. Білім алушыларға тәуелсіздіктің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы күресі, арман-тілегі екендігін ұғындыру мақсатында өткізілген іс-шара барысында сынып оқушылары тарих пен бүгінгі күнді сабақтастыру арқылы, тәуелсіздіктің қадір-қасиеті туралы пікірлерімен бөлісті.