12 қарашада 8 сынып оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Бірінші кезеңде қатысушылар үш блоктың біреуіне бейімділікті анықтау үшін барлық пәндер бойынша тест тапсырды.
Блоктар (оқушылардың табиғи таланты мен бейімділігін анықтау):
- 1 блок («Математика» пәні, математиканың негізгі ұғымдарын қолдану дағдыларын өлшеуге және осы ұғымдарға тәсілдерді қолдануға арналған сұрақтар, негізгі математикалық қатынастарды пайдалана отырып абстрактілі тәсілді орындау, күнделікті өмірде негізгі математикалық тәсілдерді қолдану);
- 2 блок («Физика», «Биология», «Химия» пәндері, Физика, Биология және химияның негізгі ұғымдары мен қағидаларын қолдану дағдыларын өлшеуге арналған сұрақтар);
- 3 блок («Қазақстан тарихы», «География», «Дүниежүзі тарихы» пәндері, тарих, география пәндерінде негізгі ұғымдар мен қағидаларды қолдану дағдыларын өлшеуге арналған сұрақтар).
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер