Бұлақ орта мектебінде «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жоба аясында іс-шаралар желтоқсан айынан бастауын алып, бүгін де жалғасып келеді. Осыған орай, көпбалалы 8 отбасыға мектеп педұжымы атынан Аяз Ата мен Ақшақар тәтті сыйлықтар үлестірді, шағын орталықтың 5 баласына жеке кәсіпкер Балтабаева А.В. сыйлықтар жасады. 1-наурыз барлық қазақстандықтардың бір-біріне құрмет білдіретін «Алғыс айту» күніне байланысты «Алғыс жүректен шығады» атты гүлді тілек білдіру бұрышы жасалды. Қыстың қаһарлы суығын ыстық тілектермен жылытпақпыз.