Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Кемелұлының «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Кемелұлының «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы биылғы қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай баспа бетін көрген құнды мақалалардың бірі деп есептеймін. Мақалада Тәуелсіздіктің отыз жылын үш онжылдық белеске бөліп қарастырған. Әр белестің атқарып тұрған жүгіне, тарихына арнайы тоқталып кеткен.
Мен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Кемелұлының 1921-1922 жылдардағы оқиғаны әлі де зерттеу керек деген пікірін құптаймын. Тарихи деректеріміз әлі де ала-құла болып тұр.
Әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау қажет деген оймен де келісемін. Жас ұрпақ қазіргі уақытта Желтоқсан оқиғасын естен шығарып, ұмытып барады. Сондықтан да ұлт намысы үшін күрескен боздақтарымызды келешек ұрпақтың ұмытпауы және оларды мәңгі ұранымызға айналдыруы керек деп есептеймін.
Жерге байланысты айтылған – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды деген жолдар қазақ үшін өте қымбат сөздер.
Қастерлі Тәуелсіздігімізді берік ұстану жолында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы отандастарымызға патриоттық рух береді.