«Ақтас негізгі мектебі» КММ 08.02.2021 ж. «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» жоспарына сәйкес 9 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Сергалиева Зауреш Фазылқызы «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тәрбие сағаты өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау