06.04.2020ж. Бұлақ орта мектебінің оқушылары 2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанын қашықтықтан оқу жүйесі арқылы бастады. Соған орай ата-ана, оқушы пікірлері:
«Бүгінгі мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің 4 тоқсанды қашықтықтан оқу жүйесіне көшкеніне орай айтарым мұғалім мен оқушылар арасында тығыз жұмыс жасалды. Балалар өз ұстаздарының берген тапсырмаларына «Балапан»телеарнасынан, интернет арқылы берілген платформаларды мүмкіндігінше пайдаланып, үлкен жауапкершілікпен жауаптарын берді. Оқушылар ұстаздарын да сағынып қалған екен және ата-аналар да ұстаздарға рахметімізді айтып алдағы уақытта қолдаймыз. Ата-аналар атынан ата-ана кеңесінің төрайымы Ильясова А.А.»
«Бүгін қашықтықтан оқытудың алғашқы күні де өтті. Менің қызым Кобенова Улпан "Бұлақ орта мектебінің" 7 сыныбында оқиды. Бұндай оқытудың алғашқы күні қызыма қиындық болған жок деп ойлаймын. Кызым сабаққа толықтай қатысып, үй тапсырмаларын да жаксы орындап шықты. Арасында ақпарат құралдарын пайдалануда аздап киындыктар туындады. Интернет желісінің бос болмауынан шығар. Негізінен мұғалім тапсырмалары түгелдей орындалып, кері байланыстар да болып жатты. Кызымның көңіл- күйі жаксы, абыржу, ренжу байқалған жок»
«Қашықтықтан оқу - мен үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан, ізденіп, толыққанды білім алып шығуға тырысатын боламын!"- дейді 6-сынып оқушысы Кобенов Қуаныш.»
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау