Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Жолдауын түсіндіру бойынша бірыңғай ақпараттық күн

2020 жылдың 17 қаңтарында мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша бірыңғай ақпараттық күн өтілді. Мұғалімдер ұжымы мен жоғарғы сынып оқушыларына, Жолдау – мемлекет пен қоғамның сенімін арттыру, ұлттық мүддені өрістету сияқты талаптарды қарқынды іске асыру жолдарын ұсынып отырғанын бақылады.
1. «Жастар саясатын жүзеге асыру. 2020 жыл-еріктілер жылы» тақырыбында, мектеп директоры Ескаков Габит Хамитовичпен жиында Жолдаудың бағыттары сараланып, талданды. 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды, «Жастар ел терегі» ұлттық бағдарламасы іске қосылды, ол өз кезегінде «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» кіші бағдарламаларынан тұратыны жайлы мәліметтермен толықтырды.
2020 жыл волынтеорлік қызметтің 7 бағытын мектептің әлеуметтік ұстазы Ескакова Н.А. толық түсініктеме айтып өтті.
1) «Сабақтастық» - әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына қатысты тәлімгерлік практикасын енгізу;
2) «Саулық» - денсаулық сақтау саласына көмек көрсетуге еріктілерді тарту;
3) «Таза әлем» қоршаған ортаны қорғау,
4) «Асыл мұра» - тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау;
5) «Қамқор» - әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы волонтерлердің жұмысы;
6) «Білім»- ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты оқыту бойынша волонтерлік көмек;
7) «Үміт» - жоғалған адамдарды іздеу жөніндегі қызметке еріктілерді тарту.
2. «Тиімді шағын және орта бизнес - қала мен ауылды дамытудың берік негізі» жергілікті әкім Кыдыбеков Мереке Жаманшалович сынды азаматтар сөз сөйлеп, саяси құжатта айтылған міндеттер жайлы жан-жақты баяндады.
Кәсіпкерлерге көрсетілген жеңілдіктерді түсіндірген мектептің кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Исманова Салтанат Амангельдиевна Жолдаудағы межелі міндеттер мен тапсырмалардан әрбір азаматтың хабардар болуы қажеттілігі туралы толық түсініктемелер айтты.
Сонымен қатар, жиынға жергілікті атқарушы орган басшылары, әлеуметтік сала қызметкері Сейтзадинов К.К., үкіметтік емес ұйымдар жетекші Рахимова З.Т., ардагерлер кеңесінің өкілі Жумабекова Г.Г. қатысты. Жиын соңында Жолдау жайлы пікір алмасқан азаматтардың сауалдарына тиісті сала жетекшілері жауап берді. Бұл кездесудің жиналғандар көңілінен орын алды. Президент Жолдауынан туындаған әрбір тапсырманы абыроймен жүзеге асыруда ауызбіршілік танытайық.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь