Бастауыш сыныпта «Көңілді старт" спорттық сайысы өте қызықты өтілді. Сайыстың мақсаты көңілді старт ойындары арқы-лы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болды. Ұйымдастырған мұғалімдер Тулендина Ж.А. «Күншуақ» тобы мен Жумабекова М. «Жұлдыз» тобы ойын барысын-да балалардың ынтымақтастығын арттыра отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшыл-дыққа тәрбиелеуді көздеді. Ойынға қатысушылар өзін-өзі анықтап, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастырды.Ойын соңында «Күншуақ» тобы алдыңғы саптан көрінді.