«Тауағаш орта мектебі» КММ-де 30.12.2019 ж. сағат 15:00 де «Кел, жаңа жыл, жаңа жыр!» атты 6-11 сыныптар арасында кешкі концерттік бағдарлама өтті. Кеште қыз балалар әдемі көйлектерімен келсе, ал ұл балалар классикалық үлгідегі жана жылдық киімдермен келді. Кеш басында оқушыларды келе жатқан жаңа жылмен мектеп директоры Сиванбаев М.С. құттықтады.
Концерттік бағдарламада оқушылар би билеп, ойын ойнап, ән шырқап және сахналық көріністер койды. Кештің соңында Мұғалімдер оқушылардын өнерлерін бағалады. І орын 6-сынып алды, ІІ орын 7- сыныпқа берілді, ІІІ орынды 9-сынып иеленді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагандыкова Ж.С. сыйлықтарын табыстады.
6-сынып жетекшісі: Никибаева Р.Ж.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау