Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

қысқы кездегі қауіпсіздік ережелері

Балалардың қысқы кездегі қауіпсіздік ережелері туралы мектеп оқушыларына сегізінші сыныптың жетекшісі Исманова С.А. көптеген мәліметтер айтты.Қыста балалар шана тебуді, төбешіктен сырғанағанды, қар лақтырып ойнағанды, аққала жасағанды жақсы көреді. Алайда, балалардың қуанышын жарақаттардың басуы мүмкін. Жағымсыз салдардан қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн.
Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз; 
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз; 
- Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады. 
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз. 
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз. 
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз. 
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
 
 ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!  Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан  құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.    

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь