Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Домбыра үйірмесі

«Домбыра тартуды алғаш үйрену»
Домбыра үйірмесінің жетекшісі:Рахимова З.Т.


Мақсаты:Оқушының шығармашылық ойнау қабілетін жетілдіріп,домбыраға деген оқушының рухани байлығын арттыру.Ұлттық аспап туралы түсінік беру.
Міндеті:Ұлттық аспаптың сауатын арттыру,аспапта ойнау,шеберліктерін шыңдау есте сақтау,ырғақ,есту қабілеті,зейн түйсіну т.б.
Біліктілік:Домбыра аспабының құрылысын,дыбыс бояуын түсіндіру,шығармалармен күйдің түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұлттық өнерді сүйюге,ұлттық аспаптарды қадірлеуге үйрету,ұлттық өнерге бейімдеу.
Дамытушылық:Музыкалық шығармалар,күйлер арқылы оқушының күй ой өрісін дамыту.Домбыра тарихын білуге деген қызығушылығын ояту,техникасын меңгеру.
Күтілетін нәтиже:Дұрыс бағытта оқытылып үйренген оқушы.
Сабақтың түрі : Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар.
Сабақ барысы:
1-Ұйымдастыру
2-Үй тапсырмасын тексеру
3-Сергіту сәті
4-Жаңа тақырып
5-Бекіту
6-Қортындылау
а)Ұлттық аспап туралы түсінік
ә)Нотаны санап,қағысты меңгеру
б)Динамика және оның белгілері
в)Екпіндер,тыныс белгілері
1)Шығарманы бірге тартып санап ойнау.
2)Жаңа сабақты бекіту
3)Бағалау
4)Үй тапсырмасын беру.
Сабатың өту барысы: Сәлемдесу.
Үй тапсырмасы: Домбыраның құрылысын айтып шығу.Пернедегі ноталарды жаттап келу. Әр нотаның ұзақтығын жатқа айту. Украин халық әні «ой, за гаем,гаем» шығармасын жатқа тартып ойнау.
Сергіту сәті:
М-Динамикалық белгілерді көрсетіп жатқа айт.
О-Оқушы көрсетіп жатқа айтады.
М-Тыныс,пауза белгілерін көрсетіп жатқа айт.
О-Карточкадан көрсетеді.
Жаңа сабақ .
Домбыраның ойнау дағдылары.
Домбырашының дұрыс отырысы, екі қолдың қойылымы, перне басып ойнау, дұрыс ұстау, есту қабілетін дамыту, нотаны үйрету ,нотаны ойнау, ырғақты ойнау, ырғақты меңгеру , қағыс түрлерін үйрену.
Сол қолдың саусақтарын дұрыс қою.Екі ішекті ноталарды ойнау дағдылары өлшемдегі дұрыс ойнау дағдысы,паузаларды санап ойнау,нүктелі ноталарды ойнау дағдылары.
Ән: «Бағай -бағай»
Бекіту: Ең кеңінен таралған аспап?
Домбырада не орындалады?
Домбыра аспабынаң құрылымын атап айту?
Ән мен күйдің айырмашылығы неде?
Бағалау:
Қортынды: Әннің қағыстарын дұрыс ойнап, санап күйдің бірінші бөлігін жаттап келу. Өткен шығарманы қайталау.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь