Бастауыш сыныптар онкүндігінің қорытынды есебі
11 - 23 қараша аралығында мектебімізде «Бастауыш – білім бастауы» деген тақырыппен бастауыш сыныптар онкүндігі болып өтті. Онкүндікке барлық бастауыш сыныптар ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар көрсетіп, белсене қатысты.
Апталық салтанатты жиынмен ашылды.ӘБ жетекшісі Асем Жумагельдиновна оқушыларды апталық жоспарымен таныстырды. Қабырға газеті мен сөзжұмбақ, ребустар ілінді Онкүндікте өткізілген мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Аргимбаева А.Е. 1- сыныпта жаратылыстану пәнінен «Адамның дене мүшелері» , Ибраева А.Д. 2- сыныпта қазақ тілінен «Сұраулы сөйлем» , Сиванбаева Ш.Е.3- сыныпта математика пәнінен «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу » , Молдыбаева А.Ж. 4-сыныпта орыс тілі пәнінен «Алдаркосе – народный герой» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Жаңартылған бағдарлама шеңберінде өткізілген бұл ашық сабақтарда мұғалімдер оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана білді. Әсіресе бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне сай іс –әрекет жасауына жағдай жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері: ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін кеңінен пайдаланды. Заман талабына сай ақпараттық технологияны пайдалану мақсатында интерактивті тақтамен өткізген сабақтар жоғары бағаланды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Жас жеткіншектердің шығармашылық және танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында 3-4 сыныптар арасында Молдыбаева А.Ж. өткізген «Умники и умницы» интеллектуалдық ойыны өте қызықты өтті. Оқушылар орыс тілінде жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақтар құрады.1 және 2 – сыныптар арасында Аргимбаева А.Е. өткізген «Жүзден жүйрік» сайысы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған тапсырмалардан құрылған болды. Оқушылар екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Онкүндіктің ортасында түстен кейін барлық бастауыш сынып оқушылары спортзалға жиналды. Ондағы мақсат: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу болатын. Оқушылар «Достық» және «Барыс» топтарына бөлініп, эстафеталық жарыстарда өздерін сынай алды. Жақсы көңіл-күй сыйлаған бұл спорттық шарада, оқушылар денсаулықтарын ғана нығайтып қоймай, өзара сыйластық, достық, досыңа жәрдемдесу сияқты жоғары адами құндылықтардарды бойларына сіңіре алды. Ибраева А.Д. өткізген «Таңғажайып ертегілер әлемінде» ойынында оқушылар өздері жақсы көретін ертегілер туралы айтып, сөзжұмбақтар шешіп, қиындылардан ертегілерді құрастырды. Ойын соңында «Маша және аю» мультфильмін тамашалады. Онкүндіктің қорытынды кеші «Көңілді сәттер алаңы» деп аталды. Математика алаңы, тілдер алаңы, көңілді әуендер алаңы, қызықты сұрақтар алаңы, сергіту алаңдарынан құрылған бес бөлімде оқушылар математикадан қызықты есептер шығарып, үш тілде жұмбақтар шешіп, ұйқас өлең жолдарының жалғасын тауып, дүниетанымдық сұрақтарға жауап іздеп өздерінің де, ұстаздарының да көңілдерін көтеріп тастады. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мәнерлеп оқу сәті де көңілден шықты. «Көңілді әуендер» алаңында «Достық» өлеңін хормен орындап, сергіту сәтінде барлығы ортаға шығып би биледі. Кеш соңында осы онкүндік аясында белсене қатысқан оқушылар марапатталып, іс-шараларды қызықты ұйымдастырған ұстаздарға алғыс айтылды. «Бастауыш – білім бастауы» онкүндігінде жоспарланған іс – шаралардың барлығы орындалды.
Бастауыш ӘБ жетекшісі: Молдыбаева А.Ж.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау