Тақырыбы: Ғасыр індетінен сақтанайық!
Сабақтың мақсаты: 1 Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі
СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан
сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты
өмір салтын қалыптастыру.
2 Салауатты өмір салтың қалыптастыра
отырып, оқушылардың рухани ой-өрісін
дамыту, сөйлеу шеберлектерін жетілдіру,
білімді де тапқырлыда болу.
3 Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адам-
гершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: СПИД туралы буклет; денсаулық туралы нақыл сөздер;
мақал – мәтелдер; сүреттер.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, қатысымын тексеру.
ә) Оқушылардың назарын сабақ ырғағына аудару.
Негізгі бөлім:
1 СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
Сұлтан: СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.
2 СПИД-тің алғашқы белгісі.
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.
СПИДтің соңғы сатысы - өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.
3 СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
4 СПИД-тің жуғу жолдары
СПИД - ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:
1. Біреуге қан құйса
2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
4. Жыныстық қатынас
5. Жұқтырған ананың баласына
5 СПИД - жұқпайды?
1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде
3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
4. Ауа, су, ойыншық арқылы
5. Жәндіктер шаққанда
6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда
Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.
СПИД - ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.
6 СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек?
Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
Әділ : ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Елдос: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.
Жеңіс: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.
Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.
Дархан: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Рауан: Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.
Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал - мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі -
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап - арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.
Қорытынды: ТЕСТ
Сендерге айтарым зиянды заттардан бойларыңызды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын серік етулерің қажет.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау