Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Жолдасова А. «Электрондық үкімет» уақытты үнемдейді ақпараттық сағат

Сабақтың тақырыбы:   «Электрондық үкімет» уақытты үнемдейді.

Мақсаты:

Электрондық үкіметпен ақпаратттық алмасу болып табылатын адам түсінігін қалыптастыру.Азаматтар мен ұйымдардц мемлекеттік қызметтерімен жылдам және сапалы байланыспен қамтамасыз ететін,мемлекеттік органдарды ақпараттық коммуникациялық технологияның кең қолданылуы жолымен функциялау эффективтілігін арттыратын жүйе ретінде электрондық үкіметтің маңыздылығын анықтау.

Сабақтың көрнекілігі :  интербелсенді тақта, слайд,суреттер,видео ютуб желісінен.

Сабақтың әдісі :  

                                          Әңгімелесу.

                                          Тақырып бойыншы материалдарды талқылау

Тәрбие сағатының барысы :      

 

 Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
    -Сәлемедсу.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНШЫ ТАПСЫРМАЛАР:

  • Электрондық үкіметтің мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру.
  • Электрондық үкімет құрылымы мен жалпы архитектурасы туралы түсінік беру.
  • Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынасты қарастыру.
  • Электрондық үкіметпен орындалатын қызметтерді қолдануды үйрену.

 

Тақырыпты оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс:

  • Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін
  • Электрондық үкіметтің негізгі компоненттерінің инфрақұрылымын
  • Электрондық үкіметтерінің архитектурасын
  • Электрондық үкіметтің субъектілері арасында дамитын қатынастардың ерекшелігін
  • Электрондық үкіметпен орындалатын қызметтерді
  • Азаматтар үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану
  • Бизнес үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану
  • Мемлекеттік қызметкерлер мен ведомствалар үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • Электрондық үкіметке кіріспе.
  • Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттері.Негізгі ұғымдары.
  • Электрондық үкіметтің архитектурасы.
  • Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынас.
  • Электрондық үкімет қызметтері.

.

 

БАҚЫЛАУ.

 

I.Бастапқы білім деңгейі бойынша тест-бақылау.

 

II.Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

 

  1. Электрондық үкімет түсінігіне анықтама беріңіз.
  2. Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтаңыз.
  3. Электрондық үкіметтің инфрақұрылымының негізгі компоненттері.
  4. Негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды атаңыз.
  5. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
  6. Сыртқы контур,Ішкі контур түсінігіне анықтама беріңіз.
  7. Куәландыру орталығы дегеніміз не?
  8. Ақпараттық қауіпсіздік түсінігіне анықтама беріңіз.
  9. Электрондық үкімет қандай қызмет көрсетеді?
  10. Электрондық үкімет қызметінің принципі қандай?
  11. Электрондық үкімет архитектурасы қандай құраушы бөліктерден тұрады?
  12. Электрондық үкіметтің бірыңғай архитектурасының жалпы құрылымына не кіреді?
  13. Электрондық үкіметтің басты приоритеті не болып табылады?
  14. Электрондық үкімет порталына сипаттама беріңіз?
  15. Электронды цифрлық жазу (подпись) қалай құрылады?
  16. Web-қызметіне қандай қызметті жатқызуға болады?

 

 

III.Өтілген материал бойынша тест-бақылау.

 

 

 

Кіріспе :

«Жай адам уақытты қалай өткізуге болатынын ойлайды. Ақылды адам уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін ойлайды» - деген қазақтың нақыл сөзін негізге ала отырып, бүгінгі сабағымды  бастаймын.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына – ақпараттық қоғамға аяқ басты. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қалмасы түсінікті. Күнделікті тіршілікте біздің көп уақытымыз мемлекеттік қызмет алу үшін кезек күтумен өтеді, жол шығындары да бар. Осылардың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру қажет болды. Электрондық үкімет порталы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бір терезе принципі бойынша жеңілдету мақсатымен құрылған. Бұл мемлекеттік орындардың барлық ақпараттық ресурстарына қолжетімділіктің бір нүктесі: үкіметпен ашық диалог. Яғни, түрлі анықтамалар алу (мекен-жай, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы және т.б.), баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақша кезегіне тіркеу, кредиттік карта көмегімен БАЖ салығын төлеу, зейнетақы тағайындау туралы ақпарат алу және т.б. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді электронды түрде алу үшін тек халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электрондық цифрлық қолтаңба және интернет желісі жұмыс істейтін компьютер қажет.

«Электрондық үкімет» веб-порталын құруға Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10-шы қарашада  «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құру туралы мемлекеттік бағдарламасы» туралы Үкімі негіз болды. «Электрондық үкімет» порталы
2006 жылы іске қосылды.

Электрондық үкімет – халықтарды ел үкіметімен тікелей байланыстыруды қамтамасыз ететін жүйе. Бұл процесс азаматтардың саясаттық қатысуымен қызмет көрсету процесінің және техникалық орталық, Интернет және қазіргі заманғы СМИ көмегімен ішкі және сыртқы қатынастардың өзгеруі жолымен жүретін басқару процесінің үздіксіз оптимизациясы. 
Қазақстанда «Электрондық үкімет» азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі сапасының жоғарылығы мен қысқа мерзімділікке және мемлекеттік органдардың қызметінің ақпараттық базасымен байланысты қамтамасыз етуге, мемлекеттік аппарат құрамы бойынша эффективті және тиімді құрылуына бағытталған 
«Электрондық үкімет» азаматтардың мемлекетпен өзара әсерін және мемлекеттік қызметпен байланысын тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн, географиялық орналасуы мен жыл мезгілдерінен тәуелсіз қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекеттік мекемелердің барлық қызмет түрлері әрбір адамға кез-келген уақытта қызмет көрсетуі тиіс.
«Электрондық үкіметтің» басты приоритеті Интернетпен байланыс, ақпараттық – коммуникациялық технология шеңберінде білім деңгейін арттыру, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесі модернизациясын өткізуді қамтамасыз ету болып табылады. 
Осы бөлімді оқу барысында электрондық үкіметтің мақсаты, электрондық үкіметтің міндеттері қарастырады, сонымен қатар, электрондық үкіметтің субъектілері арасындағы қатынасты зерттеуге, электрондық үкіметтің қызметтерімен танысуға бағытталған. Материал азаматтардың, басқарушы субъектілердің, мемлекеттік қызметкерлердің Электрондық үкімет жұмысымен тәжірибе алу үшін ұсынылған.

 

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Электрондық үкіметтің негізгі түсінігіне мыналар жатады:мемлекеттік берілгендер базасы,Жеке тұлға,Заңды тұлға,Мекен-жайлық тіркеу;Қозғалмайтын мүлікті тіркеу;электрондық құжаттардың жүйесі;бірыңғай транспорттық орта;мемлекеттік орган;ақпараттық қауіпсіздік;ақпараттық-коммуникациялық технология;ақпараттық жүйе;электрондық үкімет порталы;мемлекеттік органдар үшін куәландыратын орталық;электрондық қызметтер;web-қызметтер;е-қызметтер (болып табылатын қызмет);е-үкімет (мемлекеттік органдар функционерлеу механизм,ақпараттық-коммуникациялық технология кең қолданылуы жолымен азаматтарды және ұйымдарды қызметпен қамтамасыз ету);мемлекеттік қызметтер(мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін,Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік процедураларды орындауға бағытталған қызмет);АКТ(ақпараттық-коммуникациялық технологиялар);е-банкинг (ұйымдар мен банкілік есептеулерді басқаруды Интернет арқылы байланыстыру );ақпарттық теңсіздік(халықтардың әртүрлі әлеуметтік топтары мен әртүрлі білім деңгейі түрінде АКТ-ды қолданудың тепе-теңсіз мүмкіндіктері;е-қызметпен қамтамасыз етушілер(мемлекеттік органдар,ұйымдар мен басқа да басқарушы субъектілер);е-қызмет регламенті(әкімшіліктік және басқа да процесстерге бағытталған тізбекті әсерлердің жиыны ).

 

Электрондық  үкіметтің  мақсаттары мен міндеттері:

Электрондық  үкіметтің  құрылуы мақсатына азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі сапасының жоғарылығы мен қысқа мерзімділікке және мемлекеттік органдардың қызметінің ақпараттық базасымен байланысты қамтамасыз етуге,мемлекеттік аппарат құрамы бойынша эффективті және тиімді құрылуына бағытталған.

Электрондық үкімет ұйымының негізгі міндеті мемлекетке,азамттар мен ұйымдарға мүмкіндік туғызатын нормативті-құқықтың және әдістемелік базаның құрылуы болып табылады;мемлекеттік органдардың электрондық қызметінің қалыптасуы мен дамуы;Электрондық үкімет қызметі байланысымен қамтамасыз ету,ақпараттық-коммуникациялық технология аясында білім деңгейін арттыру мен жергілікті ақпараттық теңсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;е-үкімет инфрақұрылымынң базалық компоненттерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оптимизациялау;Электрондық үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

 

Электрондық үкімет Архитектурасы

Электрондық үкіметтің бірыңғай архитектурасының жалпы құрылымын келесі схема түрінде көруге болады:

Е-үкіметтің бірыңғай архитектурасын құру мақсатында е-үкіметтің инфрақұрылымының базалық компонентін қалыптастыру бойынша техникалық тапсырмалар шығарылған.

Ведомствалар арасында ақпараттық жүйенің және ведомствалық ақпараттық жүйенің орталығын техникалық орталықпен қамтамасыз ету үшін құрылыс және серверлік орталық ғимараттарын технологиялық безендіру жұмылдырылған.Қазіргі кезде Қазақстанда электрондық үкіметтің құрылуы әлемдік тәжірибе талдауларын ескере отырып,3-кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең-электрондық үкімет инфрақұрылымын құру.Бұл кезеңнің таралуы портал және электрондық үкімет шлюзіне,банкілік жүйемен байланыс үшін төлем шлюзіне,мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық орталығына,орталық және жергілікті басқарушы органдардың ведомства аралық және типті жүйесінің құрылуы және дамуына,сонымен қатар электрондық қызмет байланысымен қамтамасыз ету шараларды өткізуге,ақпараттық-коммуникациялық технология аясында білім деңгейін арттыру мен жергілікті ақпараттық теңсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға,ақпараттық және интерактивті қызмет көрсетуді жоспарлауға бағытталған.

Екінші кезең- электрондық үкімет сервисін дамыту-азаматтардың өмір сүруін және мемлекеттік органдардың функционерлеудің барлық шеңберін қамтитын әртүрлі сервистердің дамуына бағытталған.Бұл кезеңде транзакционды қызметтер көрсетіледі.

Үшінші кезең-ақпараттық қоғамды құру-мемлекеттік органдармен ұйымдардың қызметін трансформациолауды,е-медицина,е-білім,е-мәдениет,е-демократия және т.б. сияқты ақпараттық қоғамды құру.

 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАС.

Электрондық үкімет инфрақұрылымының қалыптасуына екі өзара байланысты,бірақ функциональды жеке контурдың таралуы болып табылады.Ішкі контур үкімет-үкімет түрінің өзара қатынасын қамтиды және ведомства аралық әкімшілік процедураларға қызмет ететін ақпараттық жүйені қоса қарастырады.

Сыртқы контур үкімет-азамат және үкімет-ұйым түрінің өзара қатынасын қамтиды және мемлекетті азаматтар мен ұйымдардың өзара қатынасын  қамтамасыз етеді.

 Е-үкіметтің эффективті функционерлеумен қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйе интеграциясын портал мен е-үкімет шлюзімен өзара байланысын талап етеді.Сондықтан интеграцияның басты байланыстырушы элементі берілгендерді алмасу кезінде хабарламалардың әмбебап коммуникативті форматы болып табылады

4.Өтілген материал бойынша тест-бақылау.

  1. Электрондық үкімет түсінігіне анықтама беріңіз.
  2. Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтаңыз.
  3. Электрондық үкіметтің инфрақұрылымының негізгі компоненттері.
  4. Негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды атаңыз.
  5. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
  6. Сыртқы контур,Ішкі контур түсінігіне анықтама беріңіз.
  7. Куәландыру орталығы дегеніміз не?
  8. Ақпараттық қауіпсіздік түсінігіне анықтама беріңіз.
  9. Электрондық үкімет қандай қызмет көрсетеді?
  10. Электрондық үкімет қызметінің принципі қандай?
  11. Электрондық үкімет архитектурасы қандай құраушы бөліктерден тұрады?
  12. Электрондық үкіметтің бірыңғай архитектурасының жалпы құрылымына не кіреді?
  13. Электрондық үкіметтің басты приоритеті не болып табылады?
  14. Электрондық үкімет порталына сипаттама беріңіз?
  15. Электронды цифрлық жазу (подпись) қалай құрылады?
  16. Web-қызметіне қандай қызметті жатқызуға болады?

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь