"Үлгі тұтар тұлға" көшбасшы танымдық сабақ
Көшбасшылық қабілеттерін мектеп табалдырығынан бастап қалыптастыру қажет. Бұл кезекте мектептегі білім ордасының орны ерекше. «Белгілі ақын Е.Зікібаев мектебінде «көшбасшы сабағы» тақырыбында оқушылардың қатысуымен жиын өтті. Танымдық сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтармен қаруландыруға ниеттерін қалыптастырып, оқушылардың жан-жақты білімін дамытып болашаққа мамандық қабілеттерін шыңдау болып келеді.
Сабаққа мектебіміздің қарт ұстазы, зейнеткер Момунова Бекзат Мухамедрахимовна қатысты. Оқу ошағының сынып жетекшілері ауылдың беделді зейнеткер ұстазбен тілдесуге мүмкіндік алды. Бұл жылдағы мектепте қалыптасқан дәстүрлі кездесу сағаты.
Бүгінде ауыл мектебінде оқушылар білім алып қоймай, түрлі үйірмелер мен іс –шараларға қатысуда. Оқушылар ұстаздар қауымын өздерінің білімдерімен, өнерлерімен қуантып жүр. Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға иеленді. Әліде жалғасын табады деп ойлаймыз.
Біздің мектепте оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына да барынша жағдай жасалған. Білім ордасында спорттық үйірмелер жұмыс істеуде.
«Көшбасшы сабағына» мектептің физика кабинетінде 1 - 9-шы сынып оқушылары жиылды. Қонағымыз 40 жылдан астам өзіміздің мектебімізде қызмет етіп, талай танымал шәкірттерді ұшырып, өз еңбегінің жемісін көрген, беделді ұстаз. Отбасында екі қыз тәрбиелеп, жоғары білім беріп, еліміздің мақтан тұтар мамандық иелері болып шығуына зор үлесін қосқан ұстаз.
Кездесу барысында, алдымен зейнеткер ұстаз жастардың болашағы өз қолдарында екенін айтып өтті.
Көшбасшылық қабілеттерді мектеп табалдырығынан бастап қалыптастыру қажет. мәлімет берді. Бұл ретте, ата-ана тәрбиесі де орасан зор ықпалын тигізеді.
Кездесудің мақсаты көшбасшыны тәрбиелеу болып табылады. Бұл ретте, әрине мектептің рөлі зор. Қадірлі мұғалімімен тілдескен оқушылар осындай ой түйді.
Сабақ барысында оқушылар білім саласына қатысты сауалдарын жолдады. Олар Қазақстан елінің болашақ жастары екендігін, болашақта білімді азаматтар керек екенін жасырмады. Момунова Б.М. білімді болсаң мыңды жығасың, тал бойларыңа осы мектептегі мұғалімдерден білім нәрін сіңіріп, Елбасымыз сияқты ерінбей, еңбектенсе, алдарыңа қойған мақсаттарыңа жететіндерін оқушыларға айтып берді. Сондай-ақ, осы мектептен небір дарынды түлектер ұшып, ел азаматтары болғандары жайлы айтып, мектеп тәрбиеленушілерін қызықтырды.
Көшбасш қонағымыз рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз-тәуелсіздік, тілегіміз- тұрақтылық, білегіміз- бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!
Алға Қазақстан!,- деген еді.
Кейін «Көшбасшы сабағының» қатысушылары құрметті ұстаз Момунова Б.М.мен естелік фотосуретке түсті және ұжымдағы мұғалімдермен кездесіп, жас мұғалімдерге ақыл кеңесін айтып, еңбектерінде шыдамдылық пен сабырлық тіледі.
Біздің мектеп көшбасшы қонағымыз Момунова Б.М. үлгі тұтып, мақтанамыз!
\
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау