Тақырыбы: Ұлт көшбасшысы- Елбасым
Мақсаты:
Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру.
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттыру.
Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
ІІ. Негізгі бөлім
Жүргізуші (Әділл):
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Жүргізуші (Анара):
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
Оқушылар: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Арыстан: Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ұлт көшбасшысы-Елбасым» атты ашық сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Жан: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
Арыстын: -Н.Ә.Назарбаев кім?
Адилия: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Жан: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 24 жыл өтті.
Арыстан: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.
Ал енді біз білетін Н.Ә.Назарбаев кім?
Жан: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.
Адилия: Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.
Әділ: Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
Анара:2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.
Мұғалім:1 Желтоқсан Президент күні. Назарымызды Президент күніне арналған видеоға аударайық.
Арыстан
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Анара:
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным Қазақстан.
Адиля:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына
Әділ:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Жан: Хор: «Жаса, Қазақстан» әні орындалады.
Арыстна: Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.
Диана:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Анара: Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.
Жан: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
Әділ: Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Арыстан:
Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!
Анара:
Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.
Адиля:
Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Арыстан:
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
Әлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.
Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар7
Аділ:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Жан: Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ.
Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттерімен кездесуі, достық қарым-қатынастары тек ұлт болашағы үшін.
Мұғалім: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы слайдқа назар аударайық
Анара: Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
Адиля:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау