Елбасы кітаптар бұрышы мектептің оқушылары үшін ұйымдастырылды. «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасы шеңберінде өткен көшпелі тақырыптық экскурсия барысында мектеп оқушылары тың деректермен танысып, әдетте музейлердегі жәдігерлерді "Елбасы кітапханасы" слайдттарында тамашалап көру мүмкіндігіне ие болды.
Елбасы кітапханасының бірегей қорларын көпшілікке көрсету мен насихаттауды кеңейтуге бағытталған іс-шара Қобда ауданында өткен кездесумен басталды. Ауқымды шараға ауыл әкімі аппаратының басшысы Қыдыбеков М.Ж.,ауыл кітапханашы Абашева, Қобда ауданының әкімі қатысты. Мектеп оқушыларымен кездескен қонақтар мен 1 сынып жетекшісі Момунова Б.М. слайдтарында алдымен көшпелі көрменің мәні мен маңызына тоқталды.
— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы — мәдени-ағартушылық, ғылыми-білім беру, талдау орталығын қамтитын және бірегей жәдігерлер мен тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша құнды құжаттарды сақтайтын жалғыз кешен. Елбасы кітапханасында Президенттің ордендері мен үлкен наградалары, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап жинаған 28 мыңнан астам кітап қоры сақталған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы 2017 жылғы қарашада Алматыдан бастау алып, 2018 жылғы ақпан айында Түркістан облысында жалғасса, қыркүйек айында Атырау облысында табысты өтті. Екі жыл аралығында көрмені 350 мыңнан астам адам тамашалаған.
Момунова Б.М. тақырыптық экскурсия аясында Н.Назарбаевтың өмірбаян деректері, комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасына дейінгі жүріп өткен жолдары жайлы баяндайтын сирек кездесетін бейнешежіре, фотосуреттер және архивтік құжаттармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар іс-шараның қонақтарына Елбасы туралы деректі фильм көрсетілді.
Елбасы кітапханасының көшпелі тақырыптық видео- экскурсиясы қатты ұнады. Біз, болашақ жастар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтамыз. Бүгінгі шара барысында Елбасы туралы көптеген мәлімет алып, көкжиегімді кеңейттім. Президенттің қолжазбаларын өз қолыммен ұстап, мантиясын киіп көру бақыты маған бұйырды. Ерекше қуаныштымын. Алдымызда сан түрлі сынақ тұрғандықтан, бұл сәтті жақсылыққа жорыдым, — дейді болашақ түлек.



