Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында 8-11 сынып оқушыларымен «Заң және мен» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Оған аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар Калинина С.И. мен Сушко Е.А. және Бұлақ селолық округінің инспекторы Жангарин К.Ж. қатысты. Оқушылардың құқықтары мен жауапкершілігі жайлы ақпараттар берілді, қатыгездіктің алдын алу жолдары туралы жадынамалар таратылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау