«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы «Туған жер» жобалық базасына сай «Ақтас негізгі мектебі» КММ-нің оқушылары күзгі демалыс кезінде «Музейге сый тарту» акциясы аясында жұмыстар жүргізді.
«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» - деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, оқушыларымыз мұражайдан туған өлке табиғи байлықтары, мәдени нысандар, өңір мақтанышына айналған адамдар туралы, оларды қорғауға, толықтыруға деген жауапкершіліктерін сезінуге үйренуде.
Музейіміз жылдан-жылға тарихы мол, қызықты мағлұматтармен толықтырылып келеді. Музейден ұлтымыздың әр кезеңдегі тұрмыс-тіршілігінен терең мағлұмат беретін заттарды көруге болады. Ең әсерлісі оқушылар күзгі демалыстарын босқа өткізбей, туған еліміздің мәдени мұраларының маңызды бөлігі ұлттық қолөнері жайлы дерек, материалдар жинағаны болды.
Әсіресе, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ауылымыздың үлкені, ақылшысы болған Зарап әжейдің келіні – апамыз Мәрияш, одан келіні – Шолпан тәтейге қалдырылып мұра ретінде жалғасқан алаша тоқитын құралдар оқушыларымызды өте қызықтырды. Музейге келушілер қазақ тұрмысының сәніне айналған ұлттық бұйымдардың жасалу, қолдану шеберлігіне таңқалуда. Бұл бұйымдар біздің мектебіміздің ғана емес, ұлттық мәдениетінімізді қолдайтындарға үлгі болары сөзсіз.
Аға тәлімгер: Мухаметжанова М.К.
«Ақтас негізгі мектебі» КММ
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау