Мақсаты: оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Ұйымшылдыққа, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.
1-ж: «Алтын күз» мерекесі – мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі! Күз –жеміс – жидектердің пісіп, алтын астықтың қамбаларға құйылатын, төлдер өсіп, санаққа қосылатын мезгіл. Жиын – терін аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектептерде «Алтын күз» мерекесі өткізіледі.
2-ж: Армысың оқушылар!
Білімнің нұрын көксеген.
Армысыз, асыл ұстаздар
Із қалдырып артына
Білімімен нұр шашып
Болашаққа жол сілтеген
1-ж:
Армысыз, ата-аналар,
Бізге өмір сыйлаған.
Сіздерге арнап біз бүгін,
«Алтын күз» кешін басталық
Рұқсат бізге болса егер.
2-ж:
Күз халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі
Тойлаймыз біз бүгінгі күз мейрамын
«Алтын күз» құтты болсын мерекесі!
1-ж:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі күз мерекесімен құттықтаймыз!
2-ж: Береке бірлікпенен ортақтассын,-дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі «Алтын күз» кешіне жиылып отырмыз. Бұл сынға 5-9 сыныптардан 4 топ қатысқалы отыр және 1-4 сынып оқушылары қатысқалы отыр.
1-ж:
Кешімізді бастамас бұрын «өнерге бас иетін, әділдікті сүйетін, әділ баға беретін, абзал жандар көп бізде» дей келе оқушылардың өнерлерін, шеберлдіктерін, тапқырлықтарын бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлайық. Әр бөлімге 5 балдық жүйемен бағаланады.
2-ж:
Ал енді бүгінгі кештің жоспарымен таныстырып өтсек:
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау