Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Жолдасова А. "Бала құқықтары туралы Конвенция"

Бала құқықтары туралы Конвенция

Күні: 04.10.2019
Мақсаты: «бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» теминдерінің, балалардың құқықтары                туралы Конвенция ережесінің қабылдаған және оны түсіну үшін жағдайлар жасау 


Міндеттері: 
• Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру. 
• Адамгершілікті дамытудағы осы қабылданған халықаралық құжаттың көкейкестігін сезінуді қалыптастыруға ықпал ету. 
• Заңды тұрғыдан өзін қорғай алатын дағдыларды дамытуға көмектесу. 


Тәрбие сабағы барысы:
 
Сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру. 
«Қол соғыңыздар, егерде ...» ойыны 
- сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер ме; 
- кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады ; 
- кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын. 
1. Конвенция ұғымын қалай түсінетіндігі туралы жаттығу. 
Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды және жалпы адам құқықтары декларация негізінде жасалды.

Конвенцияны бекіткен елдер оның кепілі болып табылады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл барлық дүниежүзіндегі мемлекеттер кепіл болатын, жалғыз ғана халықаралық келісім. Конвенцияға тек қана кепіл болмаған елдер АҚШ және Сомали. 
          Құжат 54 баптан тұрады, әрқайсында әртүрлі құқықтар жан-жақты қарастырылған.
 
Қатысушыларға Конвенцияның 4 принципі түсіндіріледі: 
- кемсітпеу 
- өмір сүру үшін жақсы жағдай жасау 
- баланың пікірін мен көзқарасын құрметтеу 
- әлеуметтік және мәдени, ақыл-ойының, эмоциялық, психологиялық, дене күшінің дамуын қалыптастыру. 
Одан кейін оқушылар топқа бөлінеді, оларға осы ұғымдарды талқылау ұсынылады (олар осы ұсынымдармен келісеме). Одан кейн айтылған пікірлерді дәлелдеп, Конвенцияда бекітілген принциптер неге сәйкес екендігі. 
Мысалға бекітілгендер 
• Көшпенділер барлық құқықтарға ие. Егер олар бір жерге тұрақтанғысы келмесе, ол олардың өз мәселесі. 
• Қазақстанда нәсілшілдік жоқ. 
• Біздің облыста балалардың проблемаларын шешуде жасөспірімдердің пікіріне құлақ асады. 
• Барлығының өз құқықтарын жүзеге асыру үшін мүмкіншіліктері бірдей. 
• Қазір кім кедей тұрса, онда олар мектепте нашар оқығандар. 
• Біз нақты сенімдіміз біздің елде барлық балалар бақытты, олардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған . 
• Озбырлық көрсету дұрыс емес. 
• Біздің елде нағыз кедейшілік жоқ. 
• Ұл мен қыздың арасында теңдік болу қажет. 


  1. Миға шабуыл. 
    «Құқық», «адам құқықтары», «бала құықтары» ұғымдарына ой жүгірту. 
    (Тақта бетіндегі ақпаратқа қатысушылар осы ұғымдар туралы өз түсініктерін жазады, ал ұстаздар ол туралы жан-жақты түсінік береді). 

  • 3. Конвенция баптарының шектеулері және түсінік беру тапсырмалары 
    • Аассоциация әдісі. Сізде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде: 
    «аман қалу» бізге аман қалу үшін не істеу қажет 
    «даму» бізге даму және өсу үшін не қажет 
    «қорғау» бізге қорғалу үшін не қажет 
    «қатысу» бізге қоғам өміріне қатысу үшін не қажет 
    Аман қалу құқығы баланың өмір сүруге мұқтаждығы мен оның мұқтаждығы қанағаттандыру, ол негізінен лайықты өмір сүру болып табылады, медициналық қамтамасыз ету мүкіншілігі, тамақтану, киім-кешек, баспанамен қамтамасыз ету. 
    Даму құқығы оған бәрі кіреді, балаға өз мүмкіншілігін дамытуға қажет барлық 
    жағдайлар: білім алу құқығы, ойнау, демалу, мәдение, ақпарат алу, ой еркіндігі, діни еркіндігі жатады. 
    Қорғалу құқығын қажет етеді, балалар зорлық-зомбылықтан және қанаудан қоғалу қажет. Ерекше көңіл босқын-балалар проблемасына, зорлық-зомбылық пен жапа көрген балалардың, әскери дауларға тартылған, балаларды еңбекке, 
    жасөспірімдерді жыныстық және нашақорлық қанауда қолданған проблемаларға бөлінген. 
    Қатысу құқығы ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру. Олар бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыру құқығы, балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқығы бар. Балалар ержету кезеңінде қоғам өмірене толық белсенді қатысу үшін мүмкіндік жасалып, өмірде жауапты істерде шешім қабылдай алуға дайындау. 
    Қатыушылар Конвенцияның баптарын бөліп 4 топқа және өз таңдауларын дәлелдеу керек. 
    Одан соң қатысушылар өз жұмыстарының тұсау кесерін көрсетеді. . 
    Талқылауға арналған сұрақтар 
    - Құқықтарды топтастыру қиын болды ма? 
    - Қалай және не себептен? 
    - 4 құқық түрі арасында негізінен қандай айырмашылық бар? 
    - Сізге қандай ойлар, пікірлер маңызды болып көрінеді? 
    - Егер ия болса, не себептен? 
    - Егер жол салса, не себептен? 
    Мыслға Конвенция баптарынан: 
    Құқық теңдігі (2 бап) 
    Отбасыда тұру құқы (5 бап) 
    Ойын айтуға және сөзін бостандығы (12 бап) 
    Пікірін айту бостандығы құқығы (14 бап) 
    Мемлекет балалардың барлық құқықтарын ақорғауға кепіл болуға міндетті (8 бап) 
    Азаматтық, есім алу құқы (7 бап) 
    Жиналыс пен топты ұйымдастыру құқы (15 бап) 
    Қатыгездікпен қарау және зорлық-зомбылықтан қорғалу құқы (19 бап) 
    Егер балаға қосымша мұқтаждық қажет болса, онда қосымша қамқорлық құқығы (23 бап) 
    Медициналық көмек алу құқы (24 бап) 
    Мектепке бару құқы (28 бап) 
    Дем алуға және бос уақытын пайдалану құқы (31 бап) 
    Қарулы жанжалдарға қатысу құқы (38 бап) 
    4. Рефлекция 
    - Сіз үшін сабақ тақырыбы маңызды болды ма? 
    - Конвенцияның негізгі принциптері не? 
    - «Құқық», «жауапкершілік», «міндет» ұғымдарын немен байланыстырасыз? 
    - Конвенция біздің заңға жаңа өзгерістер енгізе алды ма, және сізге жаңа ой қалдырды ма? 
    - Бала құқықтарын туралы Конвенция – әлемдегі балалардың жағдайын жақсартуға өз себебін тигізді деп есептеуге бола ма?

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь