Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

«Сыбдыры сұлу Алтын күз» мерекесіне барлық бастауыш сыныптар және 5 сынып оқушылары қатысты

«Тауағаш орта мектебі»КММ
2019-2020 оқу жылы

 

         11 – қазан күні өткен «Сыбдыры сұлу Алтын күз» мерекесіне барлық  бастауыш сыныптар және 5 сынып оқушылары  қатысты.

        Бұл мерекені өткізудегі мақсат: оқушыларға жылдың ең әсем мезгілі – күз айының өзіндік ерекшелігі және осы кездегі адамдардың еңбегін тағы бір рет естеріне салу; сонымен қатар, өзара татулық, сыйластық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру болатын.

        Ертеңгілігіміз «Күзгі вальс» биімен ашылды. Мерекенің жақсы, жоғары деңгейде өтуіне барлық оқушылар атсалысты. Атап айтқанда 1-сынып оқушылары күз туралы тақпақтарын айтса,

 2-сыныптың әнші қызы  Қарлығаш «Күзгі вальс» әнін нақышына келтіре орындап беріп көрермендердің жылы ықыласына бөленді.

3-4 сынып қыздары «Қолшатыр» биін билеп, келген қонақтар мен ата-аналардың, ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеріп тастады .

        Мерекеде сонымен қатар 5-сыныптың оқушылары көгөніс,жеміс-жидектерге байланысты ойындар ойнатты. 5-сынып оқушылары  күзгі флешмоб биін көрерменге ұсынды.

         Кеш соңында мектебіміздің директоры Мұрат Серғалиұлы өзінің жылы лебізін білдіріп, ертеңгілікке қатысқан оқушыларға алғыс айтты . Оқушылар да, ұстаздар  да жақсы көтеріңкі көңіл-күйде тарқады.

  

                                                   Бастауыш сынып мұғалімі: Молдыбаева А.Ж.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь