Бүгін мектепте тілдер апталығы аясында «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кештің мақсаты: оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, құрметтеуге баулу. Кеш барысында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, әуелете ән салды. Кеш соңында апталық қорытындысы шығарылып, үздік және белсенді оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау