Баяндаманы ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жасады.
Министрдің айтуынша, балалардың жазғы демалысын өткізетін демалыс орталықтары мен лагерьлер жеткілікті. Олар:
Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сай, балалардың 71% жазғы демалыста түрлі демалу орталықтары мен лагерлерге жіберіледі. Қарағанды және Атырау облыстарында 95-100% бала демалыспен қамтылатынын облыс басшылары мәлімдеді.
Онда:
Жұмыс. 960 мыңдай бала (33%) жазда құрылыс отрядтары құрамында көгалдандыруға қатысады.
Клубтар мен үйірмелерге – оқушылардың 61%-ы барады. Оларда олимпиадалық резерв пен тіл мектептері, белсенділер мен көшбасшылардың жазғы үйірмелері ұйымдастырылады.
– Былтыр 11 өңірде ауылшаруашылық, мұнай, газ, тау-кен, энергетика саласындағы компаниялар мен жеке кәсіпкерлер осы шараға атсалысты. 504 млн теңгеге 4324 баланың демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсетті. Биыл да бұл шара жалғасын табады деп сенеміз, – деді Күләш Шәмшидинова.
"Киелі Қазақстан" тақырыбына сай тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.
Миллионға тарта бала "Қазақстан – мейірімділік мекені", "Табиғатты аялайық", "Жол козғалысындағы жас инспектор", "Жұлдызай" атты тәрбиелік, танымдық шараларға қатысады. "Ауылым алтын бесігім" бағдарламасы аясындағы "Балалар бастауы" әлеуметтік жобасына жұмылдырылады.
– Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, елімізде жыл сайын 300 мың адамды қабылдайтын 145 санаторий-курорттық ұйым, интернетте жарияланған жарнамаларға сай 500-ден аса туристік база жұмыс істейді. Бізге оларды ынталандыру қажет. Мемлекет әлеуметтік аз қамсызданған отбасы балаларына, ірі өндірістік компаниялар өз қызметкерлерінің балаларына демалуға жәрдем берсе және демалыс ұйымдарына қолдау көрсетілсе, бұл мәселені шеше алар едік, – деді министр.– Мысалы, Джон Хопкинс университетінде жылына 10 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары жазғы демалыстарын өткізеді. Жүздеген тақырыптарды зерделеп, зерттеу жұмыстарымен айналысады. Осы лагерьден өткен жастардың ішінен 37 Нобель лауреаты шыққан. Соңғы жылдары еліміздегі Назарбаев Университеті, ҚБТУ, AlmaU да осындай жазғы мектептер ұйымдастырып жүр.
Биыл республикадағы басқа да жоғары оқу орындары жанынан жазғы академиялық мектептерді ашу балаларды демалыспен қамтумен қатар, олардың біліктілік деңгейін жоғарылатар еді, – дейді министр.
– Сонымен бірге бір, үш, 10 күндік жорықтарға оқушылардың төрттен бір бөлігі қатысады.
Ұлттық саябақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оқушы-зерттеушілердің зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау керек. Олардың аумағында орналасқан лагерьлерге кіру және ондағы әр күн үшін төлемақы алынады. Осы мәселені шешу қажет, – деді Күләш Шәмшидинова.
Қазіргі кезде, қала сыртындағы лагерьлердің саны тек 2%-ды құрайтынын айтқан министр кәсіпкерлерді бала туризмін дамытуға тарту шараларын қабылдау қажеттігін айтты. Және туристік аумақтарда автомобиль жолдарын салу және оларды таза сумен қамту жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.
Туристік 10 негізгі аймақты анықтап алу, жұмыс істемей тұрған жеке меншіктегі демалыс орындарын жандандыру және осы салада қызмет ететін кәсіпкерлерді қолдау механизмдерін енгізу талқыланды.
– Осы айдың басында жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары ведомоствоаралық отырыста, лагерь басшыларының кеңесінде қаралды.
Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен жоспары негізінде балаларды жүзуге үйрету ұйымдастырылған. Оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында жазғы лагерьлерге қоғамдық мониторинг жасалып отыр.
Бала қауіпсіздігін басты назарда ұстау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін Сенім телефоны мен арнайы чат бар, – деді министр.
Сондай-ақ, жазғы лагерьлерде және балаларды сауықтыру орталықтарында тамақтану мәселесіне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.
Сөз соңында жоғарыда атап өткен ақпараттар негізінде жергілікті атқару органдары мен басқа да тиісті мемлекеттік мекемелерге арнайы тапсырма беруді сұрады.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндады.
– 2017 жылдан бастап Министрліктің бастамасымен каникул кезінде республикалық музейлерге, музей-қорықтар мен театрларға оқушыларды тегін кіргізу тәжірибесі жұмыс істейді (МСМ-нің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 142 бұйрығы). Осы жобаның оң тәжірибесін ескере отырып, оны енгізуді жергілікті деңгейде де жалғастыру ұсынылды, – деді министр.
Министр балалар мен жасөспірімдердің оқу бағдарламалары аясында шығармашылық және креативті жобалардың, "Көшпелі кітапхана", "Балалар туризмі" қатарлы жобалардың іске асатынын (қызығушылық бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шет тілдерін үйрету курстары, мастер-кластар және басқалар) жеткізді.
Бұл туралы Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты. Ол:
– Балалармен бірге саяхаттауға шығатын ата-аналар үшін "1+2" схемасы да (бір ата-ана үшін екі бала) "KIDS GO FREE" қағидаты бойынша балалардың тегін ұшуын қамтамасыз ететін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарланып жатыр. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген дамыған елдерінде бар. Мысалы, Ұлыбританияда, Катарда, Скандинавия елдерінде қолданылады, – деді министр.
Министр 2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін "Балалар туристік пойызын" іске қосу жоспарын да әзірлеп жатқандарын айтты.
– Облыста 1520 сауықтыру лагері мен алаңы жұмыс жасайды. 354 мың бала сауықтырумен қамтылады. Оқушылардың жалпы санынан 96%. Өткен жылға қарағанда біз тағы қосымша қаржы бөлгеннің арқасында 47 мың балаға асып отыр. Оның ішінде, еңбек қызметімен 111 мың оқушы (30%) қамтылады және спорт-туризммен айналысатындары 85 мың бала болады. "Балдәурен" және "Бөбек" республикалық лагерьлерінде 381 бала демалады.
Жазғы демалысты ұйымдастыруға қаражат көлемі 782 млн теңгеге жетті. Оның ішінде, демеушілердің арқасында 432 млн теңге жиналды. Осының есебінен жетім және көпбалалы, мұқтаж отбасылардан 40 мың бала жазғы демалыспен тегін қамтылады, – деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, санаторийлер мен демалыс үйлерінде көпбалалы 100 ананың балаларымен бірге отбасылық демалысын ұйымдастыру туралы шешім қабылдағанын жариялады.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов:
– Біз маңыздылығын ескере отырып, облыста отбасылық демалысты ұйымдастыру мәселесін қолға алдық. Бұл бастамаға өңірдегі ірі кәсіпорындарды тартып жатырмыз. Сондықтан биылғы жаз маусымынан бастап жаңа "Отбасылық демалыс" жобасын іске қосамыз, – деді ол.
Қарағанды облысында балаларды жұмыспен және бос уақыттарын өткізумен қамту 99% деп атап өтті.
Ержан Ерсайнов, Балалардың құқын қорғау комитетінің төрағасы:
– Бірінші сыныптан оныншы сыныпқа дейінгі балалар жіберіледі. Он бірінші сыныптар ҰБТ-ға дайындалатындықтан жазғы демалысқа жіберілмейді. Ал жасы кіші балалардың әке-шешесінің бірімен бару жағы Атыраудағы бірнеше лагерьде қолға алынған. Ол жағын әлі де ақылдасу керек.
Ержан Ерсайнов:
– Жалпы ақылы лагерьлер үшін төлем 10 000-40 000 теңге айналасында болады. Ол баратын санаторийге немесе лагерьлерге байланысты.
Ержан Ерсайыновтың айтуынша:
- Көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
- Әлеуметтік аз қамсызданған отбасы балаларына;
- Жетістікке жеткен оқушыларға, девиантты тәрбиедегі балаларға және басқа да үздік оқушыларға.
– Заң бойынша тек 14 жастан асқан балаларды жұмысқа тартуға рұқсат бар. Оның өзінде 4 сағаттан аспау керек және әке-шешесінің келісімімен денсаулыққа зияны жоқ жұмыстарға тартылады. Ал ондай жұмысқа тартылған балаларға берілетін жалақыны жұмыс берушілермен ақылдаса отырып, шешетін боламыз. Қазір ештеңе айта алмаймын, – деді Ержан Ерсайынов.
Ержан мырза балалардың жасылдандыру сияқты жеңіл жұмыстармен қамтылатынын айтты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау