Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

"ОТБАСЫ - БАКЫТ МЕКЕНІ" атты ата-аналар жиналысы

Күн тәртібіндегі мәселе:

1.15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» , ата –аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар туралы

  1. 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар, 9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау туралы
  2. Ата-ананың жауапкершілігі туралы

4.Ата –аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы

 

Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Ескаков Г. Х. Білім басқармасы қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің 2019жылғы 19 сәуірдегі хатына сәйкес, барлық білім мекемелерінде ағымдағы жылғы 15 мамырда сағат 9:00 ден 17:00 дейін Халықаралық отбасы күні атап өтілетінін жіне де бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жараялануымен 1993 жылдан бастап 15 мамырда Халықаралық отбасы күні аталып келе жатқанын айтты. Осы хат негізінде 2019жылы 15 мамырда сағат 16:30 Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі –өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты тақырыпта жиналыс жасап отырғанын айтты.

      Мектеп директорының сөзінен соң арнайы жиберілген  , отбасы туралы құндылықтарды насихаттау мақсатындағы бейне роликтер көрсетілді.

     Бейне роликтен соң ата –аналардың осы тақырып  жөнінде ,сонымен қатар  баласының бойындағы ерекшеліктермен  қиындықтары туралы өз ойларын айтып, мектеп психологына сұрақтарын қойды. Мектеп психологы Боранбаева А. Б. қазіргі озық технологиялық ақпараттардың бала психикасына тікелей әсер ететінін , сонымен қатар отбасыда ата-ана өз балаларымен бірге серуендеуге , көп сөйлесуге , баланың әрбір жетістіктерін қолдауға, балаларының достарын , тіпте атын біліп сөйлесу керектігін айтты. Әсіресе 8-9 сыныпта оқитын жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлу керектігін басты назарда мысал келтіріп түсіндірді.

         Екінші мәселе бойынша ДТІЖО  Жолдасова А. Б. 2018-2019 оқу жылындағы оқушылардың білім саласы бойынша жеткен жетістіктері мен жүлделі орындарының көрсеткіштері туралы, 11 сынып оқушыларының сынама тест қорытындыларын және оқушыларды мектепке қабылдау ережелерімен түсіндіріп, арнайы дайындалған слайдтты көрсетті.

           ДТІЖО Жолдасова А.Б. тәрбие саласы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі мен нәтижелерін айтып, арнайы бейне роликті көрсетті. Оның ішінде 2018-2019 оқу жылының «Ең үздік сынып, ең үздік сынып жетекші» атты іс-шара қорытындысы бойынша 4 сыныбы, сынып жетекшісі Момынова Б. марапатталды.

            Бұл айтылған сөздер отбасы үшін көмекші құрал ретінде ,отбасының беделін көтеру ,насихаттау, өз елінің азаматтары етіп тәрбиеленуіне әсер етер деген қорытынды сөзбен ДТІЖО  Жолдасова А.Б. аяқтап, келген қонақтармен ата-аналарға игі істері үшін рақметін айтты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь